Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да екі ғашық өз-өздерін өлтірмекші болды

Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданында екі жас өз-өздерін өлтірмекші болған.

Безымянный

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“Кешкі сағат 8-дердің кезінде кезекші бөлім тубдиспансердің артында орналасқан таудағы жоғарғы вольтты көпірге шығып тұрғаны жайлы хабарлады. Оқиға орынына жетіп 21 жастағы жігіт пен 16 жастағы қызды ұстадық”, – дейді полиция.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жастар осындай жолмен өз қарсылықтарын білдірмекші болыпты.

“Айтуларынша олар бір-бірін сүйеді және бірге тұрғылары келеді. Ал қыздың әлі оқушы екендігіне байланысты, ата-анасы бұларға қарсы екен”, – деп түсіндірді құқық қорғаушылар.

Оқиға орынына полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов те жеткен. Билік өкілдері құтқару операциясы аяқталамын дегенше электр энергиясын ажырата тұру туралы шешім қабылдаған.

“Жастарды құтқару үшін бұл мәжбүрлі қадам болды. Өйткені олар тым биікке көтеріліп кеткен. Мектеп психологы Зульфия Нұрскеновамен бірге 40 минуттай олармен келіссөз жүргіздік”, – деді полиция.

Бақытқа қарай, оларды төменге түсіріп алу мүмкін болған. Екеуі де оқиға барысында зардап шекпеген. Полиция мәліметінше қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда әйел екінші қабаттан құлап кетті

Қостанайда “жедел жәрдем” жол апатына түсіп, дәрігер қайтыс болды

Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді

Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті

Талқылау