Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті
Орал қаласының орталығында қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті.

Бұл туралы “Мой город” хабарлады.
«Жол-көлік оқиғасы 1 мамыр күні шамамен түнгі сағат 3.00-де болған. Шамамен 20-25 жас аралығындағы қыз бен жігіт Чагано-Набережная көшелерінде жол апатына түсті. “Пассат” автокөлігінің жүргізушісі “Сандықтар” дүкеніне барып соғылды», – деп хабарлады БҚО ІІД.
Тергеу барысында жол апатына ұшыраған көлік иесінің мүлдем басқа адам екені анықталды. Иесі көлігін Оралдағы көлік жөндеу орталықтарының біріне қалдырған.
Жол апатына түскен сәтте жүргізушінің мас күйде болған-болмағанын сараптама анықтайтын болады. Оқиғаның анық-қанығын құзырлы органдап анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді
АҚШ елшісі Қазақстанның әнұранын орындады (видео)
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"