Ақтөбеде түрмеден қашқандарды ұстаған майор медальмен марапатталды

Бейсенбі, 11 Мамыр , 2017 21:51

Ақтөбеде қоныс колониясының қашқындарын ұстаған қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды. 34 жастағы әділет майоры Нұржан Жидехановтың кеудесіне «Ерлігі үшін» медалі тағылды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

000000000000000000000000000

Ол осыдан үш ай бұрын қашқындар мінген көлікке жармасып, қақаған аязды күні 10 шақырым бойы капоттан түспей жатып алған еді. Сөйтіп, майордың аяқ-қолы үсіп қалған. Тек тәртіп сақшылары көліктің жолын бөгеп, аман қалды. Ал екі қылмыскер жаза үстіне тағы да жаза арқалады. Нұржан Жидехановты әріптестері қазіргінің бандыны қуған Хамитына теңейді. Бірақ әзірге түрмедегі жұмысына бармаған. Өйткені үсік шалған бір қолы толық жазылмапты. Дегенмен, басшылары ерлігі үшін марапатталған майорды қызметке қайта шыққан күні-ақ мансабын өсіреміз деп уәде етіп отыр.

“Дәрігерлердің айтуы бойынша әзір ұзақ жазылады. Әлі белгісіз қай уақытта жазылатыны. Несі ол адамның организіміне байланысты екен”, – дейді КА-168/3 түзеу мекемесінің қызметкері Нұржан Жидеханов.


Жіберіп алмаңыз:

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Әнші Айқын Ақтауда өз-өзіне қол жұмсаған қыз туралы ақпарат жариялады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар