Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда пара алған полицей 12 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Павлодарда 200 мың теңге пара алған тәртіп сақшысы 12 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы қалалық №2 соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

орор

Биылғы жылдың сәуір айында қала тұрғыны тұрғылықты мекен-жай мәселесі бойынша Павлодар облыстық сотының үкімін орындау үшін келеді. Ол учаскелік инспектордың көмекшісіне хабарласып, түсініктеме жазуы тиіс бланкіні беруін сұрайды.

“Полицей тұрғынның қызметін өтеп беру үшін ақшалай пара сұраған. 200 000 теңгені алғаннан кейін оны облыстық коррупцияға қарсы агенттік қызметкерлері ұстаған”, – делінген хабарламада.

Сот тәртіп сақшысын кінәлі деп тауып Қылмыстық кодекстің 366 бабы бойынша айыптап 12 000 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, оның өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан да айырып, мүліктерін тәркіледі. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Талқылау