Павлодар облысының тұрғыны жиенін жұдырықпен ұрып, 15 тәулікке қамалды
Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған жиенін ұрған ер адам сотталды. Бұл туралы Темір ауданы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 23 наурыз күні Башмачное ауылында болған.
Кәмелет жасқа толмаған жиенімен сөзге келіп қалған ер адам оны бетінен жұдырықпен ұрып жіберген.
Жігіт сотта кінәсін мойындамай, жиенін тыңдамағаны үшін тынышталдырғанын айтты.
Сот оны әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке түрмеге қамады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқыңыз:
Ақмола облысында экс-әкім өзінен таяқ жеген баланы сотқа берді
Қазақстандықтар жылдың соңына дейін мобильді телефондарын тіркеп үлгеру керек
Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандықтың балаларын тартып алды
ОҚО-дағы денесіне ине кірген қыз: Қыз қазір қалай өмір сүріп жатыр
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"