Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ақсақал туристерді қабылдау үшін этноауыл құрмақ

Баянауыл ауданы Торайғыр ауылының тұрғыны Жұмагелді Дүйсекеев Торайғыр көлінің жағасына этноауыл құру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2,5 млн теңге грант алды.

8d7e1785bf7cb1236157c88d08e7bcf0

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Ауыл тұрғынының айтуынша, алдағы маусым айының бірінен бастап, көл жағасына туристерді қабылдау үшін бес киіз үй орналастыру жоспарланған.

“Мақсатымыз – Баянауылдың табиғатын қорғау, ұлттық туризмді дамыту. Өздеріңіз білесіздер, өңірімізге шетелден және еліміздің басқа облыстарынан келген саяхатшылардың көбі Жасыбай көліне барады. Ресми деректерге сүйенсек, мұнда бір жылда жаздың үш айында 150-200 мың адам келеді екен. Бірақ Жасыбайдағы демалыс аймағының көлемі бойынша 35-40 мыңнан артық адам қабылдауға болмайды. Демек, бұл шамадан 4-5 есеге артық қабылдап жатырмыз деген сөз. Мұндай жағдай табиғатқа кері әсерін тигізіп, көлдің суының бұзылуына, лайлануына әкеп соғады. Сондықтан саяхташыларды Баянауылдың аумағындағы басқа көлдер мен демалыс аймақтарына тартуымыз керек”, – дейді Жұмагелді Дүйсекеев.

Жұмагелді ақсақалдың сөзінше, көл жағасына құрылатын киіз үйлердің үшеуі қонақжай үй ретінде жұмыс істейді. Яғни, келген саяхатшылардың күндіз кіріп демалуына, шәй-тамақ ішуіне арналады. Ал, қалған екі киіз үйдің бірі қазақтың ұлттық тағамы насихатталса, екіншісіне ұлттық археологиялық бұйымдарымыз көрмеге қойылады.

Сонымен қатар, этноауылға келген қонақтарды катамаранмен, велосмипедпен және атпен қыдырту қызметтері көрсетіледі. Өнерпаздар ұлттық өнер және ойын түрлерін де ұсынады. Жоспар бойынша этноауылды маусым айының біріне дейін орнатып, халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай ашылу салтанаты өтеді.

“Павлодардағы бірнеше туристік фирмамен келісімшартқа отырдық. Олар алыс-жақыннан келген саяхатшыларды бізге алып келетін болады. Тапсырысты алдын ала қабылдаймыз. Яғни, қанша адам қанша күн болады және қандай тағам әзірлеу керек дегенді бір күн бұрын айтып қою керек. Туристік орталықта қонақтарға қызмет ету үшін 8-10 адамды жұмысқа шақыруды көздеп отырмыз дейді”, – кәсіпкер ақсақал.

Оқи отырыңыз:

Алаяқтар қазақстандық танымал адамдардың аккаунттарын жаппай бұзып жатыр

Қазақстандықтардың телефондағы әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады

Қазақстанда салафизмнен ресми бас тарту ұсынылды

Жоғалып кеткен алматылық қыздың туыстары оны іздемеуді сұрап отыр

Талқылау