Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен алматылық қыздың туыстары оны іздемеуді сұрап отыр

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті Меруерт Ғабитованың жоғалып кеткені туралы хабарландыру қайта жарық көрді.

1214065

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қыздың туған-туыстарының сөзіне сүйенсек, ол үйінде екен, сол себепті бұл ақпаратты таратудың қажеті жоқ.

Бұл жолы қыздың Астана қаласында жоғалып кеткені хабарланған. Ал басқа деректер, оның ішінде студенттің ағасының телефон нөмірі қаңтарда жарияланған хабарландырудан алыныпты.

“Біз Меруертті қаңтар айында іздегенбіз, ол үшінші немесе төртінші күні табылды, қазір аман-есен қолымызда. Соған қарамастан соңғы апта бойы телефоным қоңыраудан босамады. Бұл ақпаратты кім таратқанын білмеймін. Бұл жайтқа немқұрайлы қарамаған барлық жанға рахметімді айтқым келеді. Бізде бәрі жақсы, еш алаңдамаңыздар”, — дейді қыздың ағасы Әділ.

Оқи отырыңыз:

Алаяқтар қазақстандық танымал адамдардың аккаунттарын жаппай бұзып жатыр

Қазақстандықтардың телефондағы әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады

Қазақстанда салафизмнен ресми бас тарту ұсынылды

Қостанай облысында 8 жасар қызды зорлаған ер адам ұсталды

Талқылау