Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысы әкімінің бесінші орынбасары тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің бесінші орынбасары тағайындалды. Ол – Әлия Арынова.

20161221183256

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша, өңір басшысының орынбасарларының саны облысты дамытудың перспективалары мен өңірдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде көбейтілген. «Әлия Арынова экономика, бюджет саясаты, мемлекеттік жоспарлау, инфляциялық саясат, мемлекеттік активтерді басқару мен коммуналдық меншік мәселелерін басқаратын болады.

Ол сонымен қатар мемлекеттік сатып алулардың мониторингімен, мемлекет пен жекеменшік салаларын дамытумен айналысады», – деп таныстырды әкімнің жаңа орынбасарын облыс басшысы Болат Бақауов. «Меніңше, бұл өте жауапты бөлік. Барлық қалалар мен аудандардың әкімдерінің бюджеттерін айқын түсіну қажет болады. Жыл соңына дейін қол қойылған меморандумдардың мақсатты индикаторларына, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына және өзге де көптеген мәселелерді қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар коммуналдық автивтерді басқарудың тиімділігін арттыру бағытында да жұмыстар жүргізіп, мемлекеттік-жекменшік әріптестігі негізінде жобаларды жүзеге асыруды қолға алу қажет», – деп қосты өңір басшысы. Әлия Арынова еңбек жолын 1998 жылы Павлодар облыстық Экономика департаментінің бас маманы қызметінен бастаған. Одан кейінгі жылдар Павлодар облысы әкімдігіне көптеген жауапты және басшылық қызметтерде болды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.


Жіберіп алмаңыз:

Мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті

Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылысы үшін түн ортасында 50 млн доллар іздеген

Актерден саясаткерге дейін: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ондаған қазақстандық мемлекеттік марапатқа ие болды

Талқылау