Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парвиз Назаров: Соңғы 10 жылда дене бітіміме назар аудармай кеттім

Қазақстандық танымал жұлдыздар Жадо Сахиева мен әнші Бота Кенжеқожа екі ай ішінде 15 кг салмақтан арылуға бәстескен екен. Әнші Парвиз Назаров әріптестерінің бұл әрекетін құптамайтынын айтып жатыр. Себебі, өзі де бір кездері түрлі диета ұстап, уақытын босқа жоғалтқан-ды.

10725076_337182673126853_351995053_n

Фото: Парвиз Назаровтың жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Менің әріптестерім қартаюдан қатты қорқады. Өздерін қинап түрлі әрекетке барады. Оларда “Сырт келбетім қарапайым өмірде әдемі болып көрінеді, бірақ теледидарда емес” деген секілді түсінік бар. Қажетсіз диеталарды ұстаудың не қажеті бар? Жай ғана өмір сүріп, әр күнімізге қуанымызға болады емес пе? Мен де осының барлығынан өттім. Сол себепті, бұлардың ешқайсысының көмегі тимейтініне көзім жетеді. Соңғы 10 жыл ішінде өзімнің сырт келбетіме назар аудармайтын болдым.

Жас кезімде өзгелердің мені мақтағанын қалайтынмын. Мұны жасырмаймын. Біреуге бірнәрсе дәледегім келіп тұратын. Қазір үйде жатып телехикая қарағанды артық көремін. Әрине, күнделікті дұрыс тамақтанып, үнді жаттығуларын жасаймын. Кейде, тіпті, достарыммен отырып алып сыра ішемін. Соның салдарынан екі ұртым салбырап жүр. Мұндай кемшіліктерді бірден спортпен шұғылданып, қайта қалпына келтіріп отырамын. Жұбайымның мені кез келген жағдайда жақсы көретініне көзім жетеді”, – дейді Парвиз Назаров.


Жіберіп алмаңыз:

Сәнгер Jado: Арықтау үшін ешуақытта ота жасатпас едім

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызына Сәкен Майғазиев үлкен сомада көмек берді

Диана Шарапова қызы қырқынан шықпай жатып сахнаға шығып кеткен

Жұлдыздар жүктілік кезінде жинаған артық салмақтан қалай арылғандарын айтты

Талқылау