Сәнгер Jado: Арықтау үшін ешуақытта ота жасатпас едім

Бейсенбі, 13 Шілде , 2017 15:15

Қазақстандық сәнгер Жадыра Сахиева ерекше диетасы туралы айтып берді. Мұнымен қатар, ол қандай жағдай болмасын отаның көмегімен арықтауға дайын емес екенін жеткізді. Себебі, осы күнге дейін бірнеше рет ота жасатып, жаны дәрігерлердің арқасында аман қалған-ды.

18299851_1861203740799105_3161347236982423552_n

Фото: Ринат Тәттібайдың жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Мен арықтау үшін ота жасатуға дайын емеспін. Өзім жалпы пышаққа түсуден қорқамын. Себебі, бірнеше рет отаа жасатқанмын. Өзімді өліп-тірілген адаммын деп айтсам да болады. Арықтау үшін белгілі бір ота жасатудың қажеті жоқ сияқты және жасатпаймын да. Осы толық қалпымда жүре бергенім жақсы. Бірақ, осы мақсатқа жеті үшін спорт пен дұрыс тамақтанудың 50% жағдайда көмектесетінін білемін. Отаға әдетте еріншек адамдар барады”, – дейді Жадыра Сахиева.

Сәнгердің өзі ойлап тапқан ерекше диетасы бар екен. Мұнымен қатар, ол күніне басқалар секілді екі емес, үш литр су ішетінін айтып жатыр.

“Мұны біреудің немесе өзімнің диетам деп айта алмаймын. Әдетте ағзам нені қаласа, соны жеймін. Бұрын зәйтүн майынан бетіме маска жасап жүріп, оның ерекше қасиеттерін байқайтынмын. Сол себепті, қазір әр таңымды бір қасық зәйтүн майын ішуден бастайтын болдым. Оны бір стақан сумен де алмастыруға болады. Судан кейін 15 минут үзіліс алып, артынша екі жұмыртқа жеймін. Жұмыртқаға тұз сеппей, оны соя тұздығымен жеген жөн. Ал нанды бидайдан жасалған сластермен, тәттіні қақпен алмастырамын. Түскі асқа тауық етін немесе сорпа ішемін”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызына Сәкен Майғазиев үлкен сомада көмек берді

Диана Шарапова қызы қырқынан шықпай жатып сахнаға шығып кеткен

Жұлдыздар жүктілік кезінде жинаған артық салмақтан қалай арылғандарын айтты

Анасы: Диана Шарапова 7 айлығында сөйлемді толықтай айтатын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар