Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар жүктілік кезінде жинаған артық салмақтан қалай арылғандарын айтты

Қазақстандық жұлдыздар жүктілік кезінде жинап алған артық салмақтан қалай арылғандарын айтып берді.

рторнпекеак

Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Мен салмағымды ешуақытта өлшеген емеспін. Алекске жүкті болған кезімде салмағымды бақыладым. Ал Лизада мүлдем мұндай болмады. Мен кез келген салмақтан арыла алатыныма сенімдімін. Дәрігерлер менен “Соңғы салмағың қанша?” деп сұраған болатын. Ал сахнаға шамамен тамыз айында ораламын деп ойлаймын”, – дейді Диана Шарапова.

Ал Бүркіттің келіншегі аз уақыт ішінде бұрынғы дене сымбатын қайтара алатынын айтып жатыр. “Бірінші рет жүкті болғанымда 25 кг, екінші рет жүкті болғанымда 12 кг салмақ қосқан болатынмын. Алғашында өзімді қалыпқа келтіру үшін көп уақыт жұмсадым. Бірақ, ұлдарымды омырауыммен емізбеген жағдайда небәрі екі ай ішінде қалыпқа келе аламын. Оның үстіне диета ұстау маған қиындық тудырмайды. Спортпен айналысқанды да жақсы көремін”, – дейді Айша.

Қыз күнінде спортпен тұрақты түрде шұғылданған Айнұр Ілиясова артық салмақтан арылуда еш қиналмағанын айтады. Десе де, қазір өзіне көңіл бөлуге уақыты жоқ екенін жасырмады.

“Аяғым ауыр кезде мен бассейнде жүздім, йогаға бардым. Әрдайым дұрыс тамақтануға тырысамын. Бірақ, босанған соң йогаға немесе бассейнге бардым деп айта алмаймын. Қызым еңбейтей бастағалы, үйде жаттығулар жасауды қойдым. Десе де, екі аптаның ішінде жүктілік кезінде қосып алған 8-10 килограммнан арылдым.


Жіберіп алмаңыз:

Анасы: Диана Шарапова 7 айлығында сөйлемді толықтай айтатын

Грузияда демалып келген Әлішер Кәрімов киімдеріне “сыймай” қалған

Әнші Қуандық Рахым он күнде 20 концерт бермек

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Талқылау