Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Қуандық Рахым он күнде 20 концерт бермек

Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен келе жатқан Қуандық Рахым 10 күнде 20 шақты елді мекенде концерт береді. Әнші бір күнде екі ауылда концерт беруді жоспарлап қойған.

9lnh7hwVrNs

Концерт бағдарламасы әлеуметтік желіде тарай бастағаны сол еді, Шалқар мен Ырғыз жұрты Қуандық Рахымға наразылықтарын жеткізе бастады, деп хабарлайды «Тілші».

«Неліктен барлық ауылды аралағанда Шалқар мен Ырғызға келмейді?», «Бізді де ұмытпаңыз, Қуандық» дегенге саятын пікірлер легі қаптап кетті.

Танымал әнші Қуандық Рахым Шалқар қаласы мен Ырғыз ауылында да концерт беретін болды. Бұл туралы концертке жауапты адамдардың бірі хабарлады. Оның айтуынша, облыста кесте бойынша концерттер шілде айының 10-20 аралығы өтеді.

«20 шілдеден кейін бізде өзге облыстарға концерттер жоспарланған. Сондықтан араға аз уақыт салып, Шалқар мен Ырғызға қайта оралып, үлкен концерт беруді ойластырып отырмыз. Міндетті түрде Қуандық екі елді мекенге барады. Нақты уақытын қосымша хабарлаймыз. Бастысы — шілде айының соңына дейін Ақтөбе облысына оралатынымыз анық», — деді концертті ұйымдастырушылардың бірі.

Тағы да оқыңыз:

Қуандық Рахым маймылдармен тілдескісі келіп жүргенін айтып күлдірді

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Қуандық Рахым: Болашақ жарымның анам сияқты ұстаз болғанын қалаймын

Талқылау