Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Рахым маймылдармен тілдескісі келіп жүргенін айтып күлдірді

Қуандық Рахым отандық жоба аясында концерт беріп, көрермендердің сұрағына жауап берді. Концерт басталмас бұрын журналист Дәулет Бижанов оған қызықты сұрақтар қойып, әншіні күлкіге қарық қылған болатын. Солардың біріне “Жануарлардың тілін түсінсем, бірінші маймылдармен сөйлесуге асығатын едім” жауап қайырды Қуандық Рахым.

18888759_124869328093312_5414261770774642688_n

Фото: instagram.com/rakhym.kuandyk/

Бұл туралы “Сәлем, Қазақстан” жобасында айтылды.

– Дәл қазір Жанна Әбуова ханыммен бірге жұмыс жасап жатырсың. Жалпы осы уақытқа дейін продюсерсіз жұмыс жасап көрдің бе?

– Негізі продюсерсіз жұмыс істеуге тырысып көрдім. Бір-екі рет ешкімнің көмегінсіз ән жаздым. Бірақ, топ, ұжым немесе басшы болмаса, ісің алға баспайды.

– Өнерде кімге еліктейсің?

– Бекболат Тілеухан ағамызды ерекше жақсы көремін. Ол кісінің қазақылығын, білімділігін, болмысын және дәстүрлі әншілігін қатты бағалаймын. Өзім де дәстүрлі әндердің жақтаушысымын. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында білім алғанмын. Ал эстрададан Сәкен Майғазиев ағама қатты еліктеймін. Ол кісі кез келген ортада, сахнада өзін жақсы ұстай біледі. Ұлтжандылығына қайран қаламын.

– Саған әлемдегі барлық жануардың тілін түсіну мүмкіндігі берілді делік. Ең бірінші болып қай жануармен сөйлесуге асығатын едің?

– Жылым маймыл болғандықтан, осы жануармен сөйлесуге асығатын шығармын.


Жіберіп алмаңыз:

Шілде айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)

Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Жұрт үйленді деп шуласқан Әли Оқапов басқа қызбен демалып жүр

Баян Мақсатқызы отбасылы Тұрсын Алагөзовке ессіз ғашық болған күндері туралы айтты

Талқылау