Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шілде айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz шілде айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

жюджжжжд

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

32

“Өрмекші адам: Қайта оралу”

Жанры: Фантастика
Режиссері: Джон Уоттс
Рөлдерде: Том Холланд, кіші Роберт Дауни, Крис Эванс, Мартин старр, Мариса Томей, Зендея Коулман
Мемлекеті: АҚШ

Кек қайтарушылар командасымен танысқан Питер Паркер үйге оралып, әдеттегі тұрмыс қамына кіріспек болады. Алайда Питерге тәнті болған Тони Старк оның ұстазы болуды армандап жүр. Дұшпандары өрмекші адамның жақындарына шабуыл жасаған кезде, Питердің бойында бұғып жатқан күш-қуатын көрсетпеске амалы қалмайды. Қазақстандық кинотеатрлардан 6 шілдеден бастап көре аласыздар

экс

“Кеңсе” эксперименті”

Жанры: Ужас
Режиссері: Грег Маклин
Рөлдерде: Джон Галлахер, Тони Голдуин, Адриа Архона, Мелони Диас
Мемлекеті: АҚШ

Боготадағы ғимараттардың бірінде 80 кеңсе қызметкері қатыгез ойынның куәсі болады. Аман қалу үшін олар бір-бірін өлтіруге мәжбүр. Алайда ойынды кім ұйымдастырғаны белгісіз. Олар нұсқаушының тек даусын естіп отырады. Дос қымбат па, өмір ме? Қазақстандық кинотеатрлардан 6 шілдеден бастап көре аласыздар.

блок

“Блокбастер”

Жанры: Комедия
Режиссері: Роман Волобуев
Рөлдерде: Светлана Устинова, Анна Чиповская, Евгений Цыганов, Юлия Снигирь, Михаил Ефремов
Мемлекеті: Ресей

Әріптестері мен бұрынғы жігітінің тарапынан қорлық көрген Лиза көлікке мініп, өзі білмейтін бағытта тоқтамай жүре береді. Белгісіз жерге бағыт алған Лиза осылайша түрлі қызықты да қорқынышты оқиғаларға тап болады. Оны қылмыскерлердің бірі кепілдікке алып, өлтірмек болады. Қазақстандық кинотеатрлардан 13 шілдеден бастап көре аласыздар.

Без названия

“Бос кеңістікке бағытталған оқ”

Жанры: Триллер
Режиссері: Рик Роман Во
Рөлдерде: Лэйк Белл, Николай Костер-Вальдау, Джеффри Донован, Джон Бернтал, Ивэн Джонс
Мемлекеті: АҚШ

Темір тордың ар жағында күш-қуаты мол болғанымен, бостандықта көп адамға қарыздар. Басты кейіпкер бостандыққа шыққаннан кейін бір кездері Калифорнияда бір ауданды бөлісе алмаған қылмыскерлердің бастығын өлтіруі тиіс. Қазақстандық кинотеатрлардан 13 шілдеден бастап көре аласыздар.

49060_original

“Маймылдар планетасы: Соғыс”

Жанры: Фантастика
Режиссері: Мэтт Ривз
Рөлдерде: Джуди Грир, Энди Серкис, Вуди Харрельсон, Стив Зан, Тай Олссон
Мемлекеті: АҚШ

Адамдар мен маймылдар арасындағы соғысты тоқтату мүмкін емес. Десе де, екі тараптың бұл соғыстан жоғалтатын дүниелері де аз емес. Олай болса, кім бірінші болып шабуыл жасайды? Қазақстандық кинотеатрлардан 13 шілдеден бастап көре аласыздар.

733891

“Ессіз көршілер”

Жанры: Комедия
Режиссері: Филипп де Шоврон
Рөлдерде: Кристиан Клавье, Эри Абиттан, Сириль Леконт, Нану Гарсия
Мемлекеті: Франция, Бельгия

Жан-Этьен Фужероль тікелей эфирде сұхбаттасып отырып Францияның иммигранттарды қабылдауға дайын екенін айтады. Тіпті, оларға тамақ пен киім ұсынып, үйіне қонаққа шақыруға ниет білдіреді. Осы сұхбаттан кейін бір тәулік өтпестен үйіне бір топ сыған келеді. Ал оларды үйіне кіргізбеген жағдайда, Жан-Этьен Фужерол сайлаушылардың дауысынан айырылып қалуы мүмкін. Әлгі сығандар ақыры Жан-Этьен мырзаның үйіне кіріп, сол жерде қалағандарын жасап, үй иелерінің мазасын қашырады. Қазақстандық кинотеатрлардан 20 шілдеден бастап көре аласыздар.

Без названия (2)

“Қояндар мектебі”

Жанры: Анимациялық
Режиссері: Уте фон Мюнхов-Поль
Рөлдерде: Зента Бергер, Фридрих фон Тун, Юля Беве
Мемлекеті: Германия

Қаланың орталығында тұратын Макс мықты қояндардың қатарына қосылуды өзіне мақсат тұтады. Оларға өзінің еш нәрседен қорықпайтынын көрсету үшін қашықтықтан басқарылатын ұшаққа отырады. Кенет желдің әсерінен ол орман ішіне құлап, сол жерде түрлі қызықты оқиғаларға тап болады. Айлакер түлкі оның жан досына айналады. Қазақстандық кинотеатрлардан 20 шілдеден бастап көре аласыздар.

img_1943_bpcz

“Байдың балалары”

Жанры: Комедия
Режиссері: Жәнібек Гусманов
Рөлдерде: Марсель Махмуди, Бақтияр Байсерік, Әнуар Талғатов, Айым Сейітметова
Мемлекеті: Қазақстан

Отандық картина қазіргі жастардың шынайы өмірін көрсетеді. Сюжет өмірде қиындық көрмеген жастар туралы. Алайда осы жастар бір күні көкелері мен ақшаның көмегімен шешуге келмейтін қиын жағдайға тап болады. Мәселені шешу үшін олардың есейіп, істері үшін жауапкершілік алулары тиіс. Қазақстандық кинотеатрлардан 20 шілдеден бастап көре аласыздар.

715415

“Уақыт матрицасы”

Жанры: Драма
Режиссері: Ри Руссо-Янг
Рөлдерде: Зои Дойч, Елена Кампурис, Логан Миллер, Холстон Сейдж, Диего Бонето
Мемлекеті: АҚШ

Біреуге жамандық жасап қойғаныңызды кеш түсіндіңіз делік. Сізге осы қателікті қайта жөндеуге мүмкіндік беріледі, бірақ, сіз оны дұрыс қолдана алмайсыз. Дәл осындай жағдайға басты кейіпкер Саманта Кингстон тап болады. 12 ақпан жұма күні ол ажал құшады. Алайда оны тылсым күш тірі жандардың қатарында ұстап, осы күнді қайта-қайта өткеруіне себепші болады. Әзірге Самантаның өзін қалай құтқаратыны белгісіз. Қазақстандық кинотеатрлардан 20 шілдеден бастап көре аласыздар.

733895

“Овердрайв”

Жанры: Боевик
Режиссері: Антонио Негрет
Рөлдерде: Ана де Армас, Скотт Иствуд, Гайя Уайсс, Клеменс Шик, Симон Абкарян
Мемлекеті: Франция

Фильм оқыс оқиғалардың ортасында жүретін ағайындылар туралы. Жігіттер әдемі көліктер табу мақсатында Францияның оңтүстігіне жол тартады. Осы жерде өзінің мазасын қашырғанды ұнатпайтын қылмыскермен кездеседі. Қазақстандық кинотеатрлардан 20 шілдеден бастап көре аласыздар.

Без названия (3)

“Аққұба шашты әйел”

Жанры: Боевик
Режиссері: Дэвид Литч
Рөлдерде: Шарлиз Терон, София Бутелла, Билл Скарсгард, Джон Гудман, Тоби Джонс, Эдди Марсан
Мемлекеті: АҚШ

Агент Лоррейн Бротон тамаша тыңшы. Ол сұлу келбетімен көзге түсіп қана қоймай, өзінің айласын үнемі жүзеге асырып отырады. Берлинге арнайы тапсырмамен барып, сол жерде агент Дэвид Персивалемен бірігуге мәжбүр болады. Осылайша екі әріптес түрлі қызықты оқиғаны бастан өткереді. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 шілдеден бастап көре аласыздар.

03061710015915

“Аңызға айнал! Кіші Бигфут”

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Джереми Дегрусон, Бен Стассен
Мемлекеті: Франция, Бельгия

Қарапайым Адам есімді жасөспірім жоғалған әкесін іздеуге аттанып, аңыз деңгейіндегі оқиғаларды бастан өткереді. Адам денесінде орман қорғаушылары бигфуттердің қаны барын білген кезде, өмірі түбегейлі өзгеріп кетеді. Енді ол жануарлардың тілін түсініп, жылдам қозғала алады. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 шілдеден бастап көре аласыздар.

1493294759_226s

“Тупак Шакур: Аңыз/2 нәсіл: Аңыз”

Жанры: Драма
Режиссері: Бенни Бум
Рөлдерде: Деметриус Шипп, Катерина Грэхэм, Хилл Харпер, Энни Илонзе, Лорен Кохэн
Мемлекеті: АҚШ

Фильм әйгілі рэпер Тупак Шакур туралы. Ол өз заманында қиындықтары туралы билікке ашық айтып, Ақ үй қызметкерлерін аузына қаратқан болатын. Қазақстандық кинотеатрлардан 27 шілдеден бастап көре аласыздар


Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Жұрт үйленді деп шуласқан Әли Оқапов басқа қызбен демалып жүр

Баян Мақсатқызы отбасылы Тұрсын Алагөзовке ессіз ғашық болған күндері туралы айтты

Баян Мақсатқызы: Тұрсын кітаптан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды ұсынды

Талқылау