Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы отбасылы Тұрсын Алагөзовке ессіз ғашық болған күндері туралы айтты

Баян Есентаева 2016 жылы сәуір-мамыр айында басынан өткен махаббатқа толы күндері туралы айтып берді. Продюсер, тіпті, KeshYou концертінің қалай өтіп кеткенін байқамай қалыпты.

19228662_422268931492843_3606222749820780544_n

Бұл туралы “Мұхит Сапарбаевпен сұхбат” бағдарламасында айтылды.

“Біз ол кезде KeshYou тобының 10 жылдық мерей тойына арналған концертке дайындалып жаттық. Багуля, менің басымды екі қолымен ұстап тұрып “Баян, есіңді жи! Концертке дайындалуымыз керек” деді. Мен “Не істеу керектігін білмеймін. Тек қанша ақша қажет екенін айтшы. Сол қаражатты тауып беремін” дедім. Дәл сол сәтте басым айналғандай болды. “Оның әйелі бар ғой” деді сіңілім”, – деп жазылған “Баян” кітабында.

Продюсер аталған үзіндіні кітабына енгізуінің себебін түсіндіріп, 26 жылдан кейін жүрегінде махаббат отының қайта маздағанын айтты.

“Бұл өткен жылдың сәуір-мамыр айлары еді. Менің өмірімдегі ең ерекше сәттердің бірі десем де болады. Әрине, алғашқы махаббатымнан кейін, 26 жылдан кейін қайта қанаттандым. Қарсы болмасаңыздар, өзімді ақылдымын деп айта аламын. Мен ешуақытта мағынасын түсінбеген махаббат туралы әндерді тыңдай бастадым. Маған музыкасы, аранжировкасы, орындау мәнері ұнайтын. Радиода ойнап тұрған махаббат туралы әндердің мәтіндері өмірден алынғанын түсіндім. Ал бұрын-соңды оларға біреудің туындысы ретінде ғана қарайтынмын. Мен өлеңдер, ағаштағы жапырақтардың сыбдырын естіп, күн сәулесіне жиі қарайтын болдым.

Мен, тіпті, сәуір айындағы KeshYou тобының концертінің қалай өткенін білмеймін. Дайындықтарға келіп, жиналыстарға қатысып жүрдім. Режиссерлерге, хореографтарға, сәнгерлерге нұсқаулықтар беріп жүрдім. Осы нәрселердің жаттанды түрде жасалғаны соншалық, бұл концертте менің жаным болмады. Әрине, барлығы кәсіби деңгейде жасалды. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Маған адамдардың концертке келетін-келмейтіні, костюмдердің тігіліп-тігілмейтіні бәрібір болды. Бар болғаны “Мен мұны жасай алмаймын. Дәл қазір миым сөніп қалған” дедім. Тек раушан гүлдерін көріп, мохитоның дәмін сездім. Ешнәрсені дұрыстап ойлай алмадым. Өзімді ес-түсімнен айырылдым десем де болады.

Егер сіз маған келіп “Келер жылда кітап жазасыз” десеңіз, сіздің есіңіз дұрыс емес деп ойлайтын едім. Қазір есімді жиғаннан кейін оқырмандарға махаббаттың таңғажайып күшке ие екенін айтқым келеді. Ол өсіп-өндіріп қана қоймай, адамды жойып жіберуі мүмкін. Ол цунами секілді. Оны тоқтату мүмкін емес. Сана-сезіміңмен сол “цунамиден” өзіңді құтқаруың керек екенін түсінсең де, жүрегің саған бағынбайды. Бұрын бірінші ақылға таңдау жасатқан болсам, сол сәтте жүрегім бірінші орынға шықты. Мен тезірек балаларым мен ата-анама, жұмысқа оралуым керек болды. Бір ай бойы осындай күйде жүрдім. Қазірдің өзінде ерекше сезімде жүрмін”, – дейді Баян Мақсатқызы.


 Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Тұрсын кітаптан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды ұсынды

Желідегілер Төреғалиді екінші рет әке атануымен құттықтады

Қытайда Димаштың әнін шырқайтын ойыншықтар шығарылды (видео)

«Каzахи» КВН жоғары лигасының жазғы кубогын жеңіп алды (фото, видео)

Талқылау