Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда демалып келген Әлішер Кәрімов киімдеріне “сыймай” қалған

Грузияда демалып келген Әлішер Кәрімов өз киіміне сыймай қалғанын айтып жатыр. Бұған көрші елдің қонақжайлылығы себепші болған екен.

19367821_1215416351900389_926849690459176960_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Осы уақытқа дейін Армения мен Әзірбайжанда болғанмын. Сол себепті, бұл жолы Грузияға баруды жөн көрдім. Бардық, көрдік, жақсылап тамақтандық. Артық салмақ жинап та үлгердік. Енді соның барлығынан арылудың амалын іздеп жатырмын. Ол жақта барлық тамақтар дерлік қамырдан жасалады”, – дейді Әлішер Кәрімов.

Тамаққа келгенде өзіне шектеу қоя алмайтын жұлдыздар жатар алдында майлы әрі асқазанға ауыр тағамдар жейтіндерін жасырмайды. “Артық салмақтан арыламын деушілердің қатары күннен күнге артып келеді” дейді маман Әсем Алшынбаева. Тәулігіне 5 рет жеңіл-желпі тамақ ішіп, 10 килограммға жуық салмақ тастаған әншілер көп екен.

“Мысалы, Индира Расылхан бізде үш курс тамақтанған. Ол кісі 10 килограммнан астам салмақ тастады. Роза Әлқожа да бізден 2 курс тамақтанып, 9,5 кг салмақ тастаған болатын. Әсел Сәдуақасова анасымен бірге тамақтанып, 21 күннің ішінде бес килограммнан астам салмақ тастады. Барлығында айтарлықтай нәтиже бар. Орташа есеппен кем дегенде 6-7 килограмм салмақтан арылады. Бастапқы курстарда салмақ тастау оңай. Кейін салмақты сол қалпында ұстауға бағытталған ас мәзірі беріледі”, – дейді Әсем Алшынбаева.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Қуандық Рахым «екінші Лұқпан» ағасын тауып алды

Әнші Қуандық Рахым он күнде 20 концерт бермек

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Халық үнемі жартылай жалаңаш киінетін Олжас Сүлейменовтің қызын сынады(фото)

Талқылау