Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Қуандық Рахым «екінші Лұқпан» ағасын тауып алды

Ақтөбе облысының шалғай ауылдарын аралап жүрген Қуандық Рахым «екінші Лұқпан» ағасын көріп мәз болды.

c049855f8c3a2aa691453c1b29a6088a

Осы күндері жас әнші Қуандық Рахым Ақтөбе облысының аудандарын аралап, концерт беріп жүр. Бүгін Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында өнер көрсетеді.

«Барлығы ойдағыдай. Зал лық толы. Ауылдық жерлерге бағаны төмен қылып белгіледік. Күніне екі концерттен беріп келе жатырмыз. Қасымда продюсерім Жанна Әбуова бар. Осында Мақсат есімді ұйымдастырушы жігіт көмектесіп жүр», — деді әнші Aktobenews.kz  тілшісіне.

Күні кеше Қуандықтың концерті Қандыағаш қаласында өтті. Әнші ол жерде сахнадағы әріптес ағасы Лұқпан Жолдасовтың «егізі» Нұрланбек Бүркітпен түскен фотосын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

«Қызыққа толы Ақтөбем-ай! Ұлықпан ағаның егізі бар екен мұнда», — деп жазған әнші инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, 10-20 шілде аралығында Ақтөбе облысының 20-ға тарта елді мекенінде концерт береді.

«Қалай да» атты ән кеші 20 шілде күні Ақтөбе қаласының Студенттер сарайында өтеді.

Тағы да оқыңыз:

Әнші Қуандық Рахым он күнде 20 концерт бермек

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Халық үнемі жартылай жалаңаш киінетін Олжас Сүлейменовтің қызын сынады(фото)

Талқылау