Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова қызы қырқынан шықпай жатып сахнаға шығып кеткен

Жуырда босанған Диана Шарапова қызы қырқынан шықпай жатып сахнаға шығып кеткен екен. Осы орайда, ол өзіне қамқорлық танытып, қызын қарауға көмектескен анасы мен күйеуіне алғыс айтты.

19933079_112150212755727_1086807883313577984_n

Фото: Диана Шарапованың жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қызымның туғанына 25 күн толғанда сахнаға шығып ән салдым. Өзімнен мұндайды күтпеген едім. Барлығы ойдағыдай өтті. Мен сахнада тұрып ән салғанымда, қызым үйде тәтті ұйқыда жатты. Ерте жұмысқа кірісуіме жағдай жасаған анашым мен күйеуіме рахмет. Айтпақшы, бұрынғы концерттік костюміме сыйдым. Қымбатты анашым, қасымда болғаның үшін көп рахмет. Перзентханада 5 күн бойы қасымда болып, маған қамқорлық таныттың. Қазір де ұйықтап, демалып алуыма мүмкіндік беріп жүргенің үшін рахмет”, – дейді әнші.

Желі қолданушылары әншіні тағы бір мәрте құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп жатты.


Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыздар жүктілік кезінде жинаған артық салмақтан қалай арылғандарын айтты

Анасы: Диана Шарапова 7 айлығында сөйлемді толықтай айтатын

Грузияда демалып келген Әлішер Кәрімов киімдеріне “сыймай” қалған

Әнші Қуандық Рахым он күнде 20 концерт бермек

Талқылау