Өзбекстанда күйеуіне ерегіскен әйел 11 айлық сәбиін суға лақтырып жіберді

Бейсенбі, 28 Шілде , 2016 8:12

Ферғана облысы Риштан ауданында 26 жастағы әйел азаматтық күйеуі ұлын мойындамай, алимент төлеуден бас тартқан соң, 11 айлық сәбиін Үлкен Ферғана каналына ағызып жіберді.

big.photo

Сәбидің денесін екі күннен соң көрші ауылдың фермері тауып алған.

Ферғана облысында құқық қорғау саласында жұмыс істейтін дереккөз әйелдің екі рет тұрмыс құрғанын айтады.

“Ол жеңіл жүрісті келіншек. Д.П. деген азаматпен тұрды. Кейін ажырасқаннан кейін, оны сотқа беріп, баласына алимент өндіріп алмақ болды. Алайда сотта Д.П. бала өзінен емес екенін айтты. Әйел алимент өндіріп ала-алмағандықтан, ашумен баланы суға лақтырып жіберген. Алдымен ұлын лақтырған. Сосын өзі де секірмек болған, бірақ соңында қорқып қалған”, – дейді куәгерлер.

“Баланың денесі фермердің жеріне дейін ағып барған. Сосын ол бірден милицияға хабарлаған”, – дейді құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі.

Алайда екінші бір дереккөз баласын суға лақтырған әйел жеңіл жүрісті болмаған дейді. Оның қаржылық қиындықтан психологиялық стресске түскенін айтады.

Қазіргі уақытта әйел қамауда, оның үстінен  қылмыстық іс қозғалған.

Жіберіп алмаңыз:

Суға кеткен баланың ата-анасы салғырттығы үшін 5 жылға қамалуы мүмкін

20 жастағы талдықорғандық студент суға батқан баланы құтқарамын деп көз жұмды (фото)

Павлодарда екі бала суға батқан достарын құтқармақшы болып талпынған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Иманды болсын периште! Киналинин Алла жазасын берсин.

  • Анонимно says:

    Ондай катыгей атанагатурме емес ату керек

  • Анонимно says:

    Кудай ау сабидин жазыгы неАуру((((журегiм ау шырылдап жылап,перiште болып келiп перiште болып кеттiн бе балапан

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар