Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз нәжісінің арасында жатыр": Омбудсмен балалардың қандай жағдайда отбасынан алынатынын көрсетті

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі жаңа заң бойынша балаларды негізсіз тартып алу туралы видеоларға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Закиеваның айтуынша, желіде тараған видеолар шындыққа жанаспайды. 

“Жаңа заң жобасында балаларды әкетуге, ата-ана құқығын шектеуге немесе айыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар жоқ. Мұның негіздері "Неке және отбасы туралы" кодексте бекітілген және 2011 жылдан бері қолданылып келеді”, – дейді Закиева. 

Уәкіл өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше оқиғадан мысал келтіріп, фотолар мен видеолар жариялады.

“Бірінші фотода өткен аптада Астанада мобильді топтың жұмысы аясында 4 бала өздерінің физикалық денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда тұрып жатқан отбасы анықталған. Балалар қазір қолданыстағы заңнама негізінде балаларды қолдау орталығында”, – делінген жазбада. 

Бала құқығы жөніндегі уәкіл бұған дейін желіде балаларды себепсіз алып кеткені туралы тараған видеоға қатысты да жауап берді.

“Бұл жағдайда бес және үш жастағы балалар қарапайым тұрмыстық жағдайлары жоқ, антисанитариялық жағдайда үйде жалғыз қалған. Бүкіл үй, атап айтқанда балалар ұйықтайтын диван, еден мен көрпе балалардың нәжісіне толған. Үйде тұрақты зәр иісі пайда болған, балалар толығымен жалаңаш (жалаңаш, іш киімсіз), лас, шаршаған, өз нәжістері денелеріне жағылған. Азық-түлік, жеке гигиеналық заттар, киімдері де болмады. Балалардың анасы бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған, АӘК алады”, – делінген жазбада. 

Сонымен қатар Динара Закиева өз жазбасында жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын да ескертті. 

Талқылау