Отандық туристер Бурабайда демалу Дубайдан да қымбат екенін айтты

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 7:36

Қаржылық қыспақ отандастарымыздың шетелге қыдыруын азайтты. Биыл сыртқа саяхаттаушылар қатары былтырғыдан екі есеге кеміп кеткен,- деп хабарлайды КТК арнасы.

ыыыы

Сурет akmola-obl.all.biz

Туроператорлар мұның себебін қаржылық дағдарыстың әсерімен түсіндіріп отыр. Отандық туристер, есесіне, өз елімізде демалуға ынта білдіре бастаған. Алайда апталық демалыстың құны жүз мыңнан асып жығылатын еліміздегі демалыс аймақтарында баға сол күйі арзандайтын емес.

Ел аузынан түспейтін Түркия мен Мысырға бүгінде туристер қырын қарай бастаған. Халықаралық жағдайдың ушығуы оларды бей-жай қалдырмапты. Осыған байланысты туроператорлар өз бағыттарын барынша оңтайландыруға көшкен.

“Туризмге деген сұраныс былтырғыға қарағанда 50 пайызға дейін түсіп кетті. Сондықтан да бірқатар қымбат турлардан бас тарттық. Орнына Грузия, Африка сынды жаңа бағыттар аштық. Кейбір бағыттар бойынша бару-қайту жолының арзан түрін таңдап жатырмыз”, – деді туристік компания өкілі Сергей Алмаев.

Дегенмен Қазақстан үшін туризм нарығы жақсы дамыған елдер бәрібір үздіктер қатарында тұр. Айталық, Біріккен Араб Әмірліктерінде небәрі 139 мың теңгеге бесжұлдызды қонақүйде бір апта демалуға болады. Бұл бару-қайту жолын қоса есептегендегі сома. Үздік бестік қатарына Грузия да кіріп отыр. Ал еліміздегі Қапшағайдан басқа туристік орындарда бір апталық демалыс 100 мыңнан асып жығылады. Алакөл мен Балқаштың бағасы шамалас болса, Бурабай мен Каспийде бір апта демалу Біріккен Араб Әмірліктерінен де қымбатқа түседі екен. Бұл жол шығынын қоспағанның өзінде.

Жалпы, елішілік саяхатта отандастарымыз негізінен Қапшағай мен Алакөлге көңіл аударып отыр. Бұл қаражат жағынан тиімді болса, екіншіден, өз елін тануға деген құлшыныстың әсері екен.

“Жыл сайын қыдыратын адамбыз. Қаржылық жағдай өте әсер етті. Енді Қазақстанды көру үшін Алакөлге отбасымызбен барамыз”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Мадина Ахметова.

Туристер сырт елдердегі саяси ахуалға да аса алаңдаулы көрінеді. Мәселен, түрік еліне қызыққан азаматтар алдымен бірнеше ай бойы ол жақтағы жағдайды бақылайтын болған. Ел ішінде ғана қыдырғысы келетіндер қатарының көбеюіне де бір себеп сол екен. Тек мамандар отандық туристік нысандардағы бағаны қалайда ауыздықтау керектігін айтып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ия.откен жылы жаз мезгилинде барып кайткан кезде кордик. Табигаты керемет екен.бирак оте лас болып кеткен.тазалык мулдем жок екен. Барлык нарсе кымбат.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар