Қазақстанның бұрынғы астанасы Қызылорданың қазіргі көрінісі
Қызылорда Сырдария өзенінің жағасында бой көтерген әсем қала. 1925 жылы тура осы күні яғни 9 ақпанда еліміздің астанасы Орынбордан Қызылордаға ауыстырылған болатын. Тура сол кезде қаланың Ақмешіт атауы Қызылорда болып өзгерді.
Сол уақыттан бері арада бір ғасырға жақын уақыт өтті. Шаһар танымастай өзгерді. Жаңадан зәулім ғимараттар салынып, жолдары түзелді. Инфрақұрылымы дамып, халықтың әл-әуқаты артты. Қазіргі ару қаланың көрікті бет-бейнесі біздің фоторепортажымызда.
Талқылау