Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абайдың ескерткіші сатылады: Ақынның мүсіні не себепті керексіз болып қалды?

Өскеменде Абай мен Михаэлиске қойылған ескерткіштің бір бөлшегі сатылмақ! Осыдан 4 жылдай бұрын қойыла сала бұл ескерткіштің төңірегінде дау туындаған еді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Абай

Сөйтіп, оны тез арада орнынан тез арада алып тастады. Енді осыдан екі жыл бұрын бақилық болған шебер Владимир Самойловтың баласы әкесінің туындысын саудаға шығарып отыр.

Төрт жылдан бері шаң басып жатқан мүсіндердің көрер жері де қалмапты. Тек, Абайдың жақын досы болған орыстың ағартушы-ғалымы Евгений Михаэлистің басы кеудесімен қоса сақталып қалған. Міне, соны мүсіншініңұлы – Владимир 200 мың теңгеге сатпақ. Бұл туралы хабарландыру беріп те қойған. Қос алыптың тас мүсіні қалалық әкімдіктің тапсырысы бойынша жасалған. Оны дайындауға екі апта екі апта ғана уақыт беріліпті.

Яғни мемлекет басшысы келгенше дайын тұруы керек болған.  Өскемендік атқамінерлер асығыс жасалған істің арты айқайға ұласады деп ойламаса керек, мүсіндерді қаладағы көрнекті жерлерге орнатыпты. Бірақ ергежейлі сияқты әрі селфи жасап тұрғандай болып шыққан Абай мен Михаэлисті көрген қалалықтардың қаны басына шауып, ақыры ескерткіш алынып тасталды. Мүсіншінің ұлына сенсек, әкімдіктегілер бұл жұмысы үшін әкесіне көк тиын да төлемеген. Келісім-шарт та жасалмапты. «Енді әкемнің еш кеткен еңбегін аз да болса ақтатсам екен» дейді кіші Владимир.

“Мүсінді сатамын деген мақсатым болған емес. Тек ғаламторға хабарландыру беру арқылы әкімдіктегілердің шығармашылық адамдарына, суретшілерге қалай иттік жасайтынын көрсеткім келді. Керек кезде тапсырыс беріп, керек емес болса лақтырып кететіндеріне көпшіліктің назарын аударайын дедім. Бұл ескерткіш шын мәнінде ешкім үшін емес, есеп үшін ғана жасалған”, – деп хабарлайды мүсіншінің ұлы Владимир Самойлов.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан 120 бітімгерді Ливанға аттандырмақ

Екеуі дос болған: Министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді

Сауда, ойын-сауық орындарындағы тексеріс: Еліміздегі 75 нысанның үшеуі ғана қауіпсіз болған

Талқылау