Оралда тағы да автобус түйісіп, бірнеше адам жарақат алды

Сенбі, 23 Қыркүйек , 2017 12:59

Кеше сағат 18.00 шамасында Зачаган кентіндегі №20 мектеп ауданында №7 бағытпен жүретін автобус Жәңгір хан көшесі бойында Opel Frontera автокөлігімен соқтығысып, нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, барлығы төрт адам медициналық қызметке жүгінуге мәжбүр болған. Соның екеуі облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Біреуінде жабық бас-ми жарақаты болса, екіншісінің қабырғалары сынған. Қабырғалары сынған адам әуелі жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін бөлімшеге ауыстырылды.

Дәл мұндай жол көлік оқиғасы аталған аймақта бірінші рет болып отырған жоқ. 24 тамыз күні сағат 08:40 шамасында 08.40 шамасында Жәңгір хан көшесі бойында, Шаған өзенінен өтетін көпірге таман №7 автобус №5 автобустың артынан түйіп, 75 адам жарақат алған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Атырау облысында кен орынында 19 жастағы жігітті бульдозер басып кетті

Павлодарда трамвай тағы бір жеткіншекті қағып кетті

Алматыда автобуспен соғысқан көліктің күл-талқаны шықты

Көкшетау тұрғынын тиісті орган қызметкерлері қаңғыбастар зиратына көміп тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар