Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда мұсылмандар мектеп формасына қатысты жаңа талаптарға қарсы шықты

Оралда 14 наурыз күні мұсылмандар мектеп формасына қатысты талаптарға қарсылықтарын ашық айтқан. Олар мешітке жиналып мәселені имамның алдында көтермекші болған,-деп хабарлайды STAN.KZ порталы “Уральская неделяға” сілтеме жасап.

форма
Намаздан кейін Оралдың орталық мешітінде бас қосқан мұсылман қауымы мектеп киіміне қатысты наразылықтарын ашық айтып, мәселеге  төртінші билік өкілдерін араластырған.

Барлығы жиналып мәселені ашық талқыға салу мақсатында имам Руслан Сұлтановты күткен. Алайда ол Астанаға іссапармен кетіп қалған болып шықты. Осы себепті кездесуді келесі аптаның жұмасына шегерді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда мектеп формасына қойылған жаңа талаптарға сәйкес, кез-келген діни киімдерді мектепке киіп баруға тыйым салынған болатын.

 

 

 

Талқылау