Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда мас әйел сәбиін көпірдің астына қалдырып кеткен

Орал қаласында әйел өзінің бес айлық сәбиін көпір астына қалдырып кеткен.

вмвм

Сурет chudetstvo.ru

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Қоларбадағы нәрестені түнгі сағат 3 шамасында “Нефтебаза” аялдамасы жанында тапқан. Полицияға түсініктеме берген әйел такси жүргізушісі қорқытып, баласын тастай қашқанын айтыпты.

Әйелді тұтқынға алу кезінде ол алкогольді мас күйде болған. Полиция мәліметінше, ол тұрғын алкогольді тәуелділік бойынша есепте де тұрады екен.

“Салқындап” қалған сәби қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Оқи отырыңыздар:

Пойызда босанған әйел нәрестесін вагоннан лақтырып жіберген

Қапшағайда көгалдан жаңа туған сәби табылды

Әжетханадан табылған баланың анасы осы қылмысқа екінші рет барып отыр

Талқылау