Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда құрылысшылар жол жиегіне адам сүйектерін тастай салған

Оралдағы №3 орта мектеп жанындағы көшеде бір аптадан бері ескі адам сүйегі жатыр.

DDE24AE5B69733C64E4558C2F342105BC391B82EA0E08BA941-pimgpsh_fullsize_distr-700x467

Бұл туралы “Уральская Неделя” басылымы хабарлайды.

Көрші көшеде үлкен үй тұрғызылып, қасында үлкен шұңқыр қазылған. Ал құрылыс маңынан шыққан артық топырақтарды сонда апарып төгіп жатыр екен. Сірә, топырақпен бірге сүйектерді де тастаса керек.

“Мен бүл жерден күн сайын өтемін. Олар көшедегілерге көрініп жататын. Ал бірер күн бұрын оны біреулер жасырып, ысырып тастапты. Ал ол жерде күнде балалар ойнап жүреді”, – дейді тұрғын.

Ол тіпті төтенше жағдайлар басқармасына да хабарласқан. Алайда олар “бұл біз шешетін мәселе емес” деп қысқа қайырыпты. Бұрын ол маңда зират болған екен. Дегенмен, адам сүйектерінің шашылып сыртқа шығып қалуы бұл расында назар аударарлық нәрсе.

Талқылау