Оралда Еркенің концертін ұйымдастырушылар жарнамалық плакаттарды заңсыз таратқан

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 15:49

Танымал әнші Ерке Есмахан Қазақстанның түкпір-түкпірін араламақ. Алғашқы концерт 24 қазанға жоспарланған. Ал осы айдың 30 күні әнші Орал қаласында концерт беруі тиіс. Ән кешінің жарнамалық плакаттары қаланың барлық жерлерінде ілулі. Алайда ұйымдастырушылар бұл үшін әкімдіктен рұқсат алмапты.

esmahanova

Бұл туралы «Мой ГОРОД» ақпараттық порталы хабарлады.

Орал қаласында заңсыз жарнамамен күрес жұмыстары жүріп жатыр. Әкімдіктегілердің айтуынша, ұйымдастырушылар заңның рұқсатынсыз, жарнамалық плакаттарды аялдамаларға, үйлердің сыртына, трансформаторларға іліп кетеді екен. Ал сыртқы жарнамаға белгіленген тариф бойынша ақша төленуі тиіс. Жарнама ілу рұқсаты бір жылға беріледі.

«Біз мемлекеттік кірістерді бақылау басқармасымен бірге жарнама берушілерден талап етілген соманы өндіріп алу үшін бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Біздің мекеме қызметкерлері тек қыркүйек айында мемлекеттік кірісті бақылау басқармасына 67 жарнамалық объектті жолдады, олардың 34-інде рұқсат қағазы жоқ. Жарнама берушілер мемлекеттік бюджетке жалпы 271 488 теңге қарыздар», – деп атап өтті Орал сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанболат Үмбеқалиев.

Қазіргі уақытта қала басшылығы Ерке Есмаханның концертін ұйымдастырушыларды іздестіріп жатыр.

«Ұйымдастырушылар не Алматы, не Астана қаласында, сол себепті оларды күтеміз. Концерт жақындаған кезде олармен тағы байланысқа түсіп көреміз», – деп хабарланды бөлімде.

Концерт ұйымдастырушылары мемлекеттік қазынаға салық төлеуі тиіс, одан бөлек оларға әкімшілік айыппұл тағайындалуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз: 

Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Баян Мақсатқызының күйеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды

Асқар Жүнісбеков тыңдармандарымен қайта қауышты (видео)

Қонарова “Ninety one” тобын атақты “The Beatles” тобына теңед

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар