Ерке Есмаханға құны 2,5 миллион теңге тұратын киім сыйланды

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 12:43

Бүгінгі таңда жұлдыздардың бір ғана Instagram желісі арқылы қыруар қаржы тауып, тегін киінетіндері жасырын емес. Әлеуметтік желідегі жұлдыздардың қай-қайсысының парақшасынан болмасын, киім дүкендеріне сілтеме табуға болады. Әрине, той-томалақтан долларлап ақша тауып үйреніп қалған әншілер тегіннен тегін біреудің парақшасына жарнама жасай қоймас.

thrtka

Бұрындары өз тауарларын газет-журнал, теледидар арқылы жарнамалайтын саудагерлер енді одан да тиімді тәсілге көшті. Жарнамашылардың заманауи әдісі жұлдыздар үшін де қолайлы. Бағалы, брендті киімдерге бүгіндері әншілер тегін қол жеткізіп жүр. Солардың бірі – Ерке Есмахан.

Төреғали Төреәлімен бірге «Алло» әнін шырқап, танымалдылығы арта түскен Еркенің бүгінде Instagram желісінде 1 миллион 300 мыңнан аса оқырманы бар. Жарнама берушілердің Еркеге жүгінуіне де басты себеп осы оқырмандар санының көптігінде.

«Инстаграмға салғаным үшін маған тон сыйлайды. Сол үшін мен саламын», – деді әншінің өзі 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында.

Есмаханға сыйға берілген киімдердің ішіндегі ең бағалысы 2.5 миллион теңге тұратын болып шықты. Әнші Ақтөбедегі тон сататын дүкен сыйға тартқан сырт киімді ерекше атап өтті.

«Кәдімгідей құндыз теріден жасалған сырт киімді Ақтөбеге барғанда бір дүкен сыйға тартты», – деп ағынан жарылды әнші.

Сол сияқты әнші Мөлдір Әуелбекова да дүкендерге жарнама жасап, тегін киінетінін айтқан еді.

Сол сияқты «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаеваға да жарнамаға тапсырыс берушілер көп. Айдай әлеуметтік желідегі бір жарнама үшін көп ақша алмайды. Небәрі 100 АҚШ доллардың шамасында. Ал еліміздің №1 сұлуы атанған ару көбінесе брендтік киімдерге келісім беретінін айтты.

«Неше түрлі брендтік киімдер бар, соларға көбінесе келісім беріп жатамын. Шыны керек, ұсыныстар өте көп. Кірпік жабыстарымыз, макияж, ағылшын тілі курстары дейді… Ондайларға көбінесе келісім бермеймін», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Асанәлі Әшімов әріптесінің әрекетін құптамады

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар