Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда бактериялар құбырды тазартуға пайдаланылмақ

Оралдық кәсіпкер ойлап тапқан жаңалық осы салаға таптырмас олжа болса керек. Оның бастамасымен енді сүттің сары суынан алынған тірі бактериялар құбырларды тазартуға пайдаланылмақ.

photo_426

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жасұлан Мұқановтың тың жобасын бірлесіп іске асыруға қатысқан Ресейлік ғалымдар да игілікті идеяны жоғары бағалап отыр. Бактериялар құбыр бойына жиналған қатты қалдықтарды ерітіп, шайып жіберуге қауқарлы. Ең бастысы, табиғи ерітінді пластикалық және металл құбырларға да залалсыз. Бір құбырды тазалауға қанша бактерия кететінін Краснодардағы зертхана кеңесі шешеді. Шаю жұмыстары бұған дейін тәжірибе ретінде агро-техникалық университетте жүргізілген. Енді Оралдағы мектептердің бірінде жүзеге асырылмақ.

– “Бұл технология жылу жүйесіндегі құбырларды ешқандай күрделі жөндеусіз-ақ қалпына келтіреді. Осы арқылы құбырларды алмастырмай әрі қарай пайдалана беруге болады. Бұл бүкіл құбырлар жүйесін ауыстырғаннан гөрі 15 есе арзанға түседі, – дейді жоба менеджері Жасұлан Мұқанов.

– “Бәрін тазартып отоплениеның трубаларын, батареяның бәрін жаңа күйіндегідей келтіремін, ішкі кұрылысын бәрін тазартамын деп айтқасын соған келісім беріп сол, қазір жасалынып жатыр. Енді бұның жылуын енді қыста көреміз ғой”, дейді Орал қаласындағы №20 мектеп директорының орынбасары Айгүл Мүтиева.

– “Бүкіл мына қысқа дайындау әртүрлі мекемелерді, бүкіл мына отопление дейміз, радиаторлар дейміз, соны тазалау жағынан мына бүгін көрсеткен жобаға біздер көзіміз жетіп тұр. Бұларды зерттеп, Жәнгір хан атындағы БҚАТУ қосымша бұлармен жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз”, – дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жұқпалы емес аурулар және морфология кафедрасының профессоры Қайсар Кушалиев.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар адам өліміне дейін апаратын бактериялар жайлы айтып дабыл қақты

Алматыда балалар шомылып жүрген фонтан суынан қауіпті бактериялар табылды

БҚО-да ресейлік тауық етінің құрамынан сальмонелла бактериялары табылды

Астана мейрамханаларының азықтарынан  ішек таяқшалары бактериялары табылды

Талқылау