Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда анасы 4 жасар баласын бауыздап тастамақшы болды

12 ақпан күні облыстық травматологиялық балалар ауруханасына кеудесі тілінген бала келіп түскен.

1454868495_31

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

“Жарақаттанған 4 жастағы баланы ауруханаға жас анасымен бірге алып келді. Анасының айтуынша, баласының жүрек тұсын ол өзі жарақаттаған. Баланы жатқыздық. Оның жағдайын қазір орташа ауыр деп бағалауға болады”, – деді дәрігер Александр Гехман.

Бала ауруханаға келіп түскеннен кейін олар полицияға да хабар берген. Бірнеше күн өткен соң анасы хабарласып, қамқорлық органдарының оған баланы алып кетуіне рұқсар бергенін айтыпты.

Қазір құқық қорғау органдары баланың құжаттарын рәсімдеп, оны бейімдеу орталығына жібергелі жатыр.

“Анасы болса әлі күнге өз үйінде. Мұндай жағдайға адам деген психологиялық ауытқуға ұшыраған кезде ғана баратын шығар”, – дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау