Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал өзені суды шектен тыс шығару салдарынан азайып бара жатыр

Ресей федералді су ресурстары агенттігінің халықаралық бөлімі маманының пікірінше, Орал өзеніне ешқандай қорғау қажет еместігін, өзеніне қатысты ешкімнің шағым айтпағанын, өзеннің жағдайы жақсы екенін, ешбір апатты жағдайдың болмаған.

Река_Собь_к_северу_от_Харпа_по_дороге_на_Полярный_Урал

Желтоқсанның басында Атырау облысының әкімі Бақтығожа Измұхамедов Ресей тарапынан Орал өзенін қорғау туралы қор құру бастамасын қолдамағанын айтты.

“Өзеннің жоғары жағында отырған мемлекет басшылары өзенге ешбір қатер жоқ деп санаса, өзеннің төменгі жағасында отырғандар керісінше екенін айтады. Егер шындығына келсек, Оралдың жағдайы мәз емес екені белгілі”, – дейді Ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев.

Орал өзенінің мәселесі табиғи жағдайлардан емес, өзеннен көп мөлшерде су шығару салдарынан туындаған.

“Ресей тарапы бұған неге көз жұма қарап отыр дейсіз ғой. Егер мамандар осы істі қолға алып тексеретін болса, олардың суды көп мөлшерде пайдаланатыны белгілі болады. Ал, суды ағызу керек”, – дейді Ислам Әбішев.

Сондай-ақ, ол екіжақты келісім арасында әлі де осы бастаманы көтеретінін айтады. Олардың айтуынша, барлық көршілерінің ішінде Ресеймен тез тіл табысып кетеріне үміт мол.

Талқылау