Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өнер жұлдыздары телехикаяда Дастан Оразбековпен сүйіскен актрисаны сынға алды

Отандық телехикаялардың бірінде әнші Дастан Оразбековпен сүйіскен актриса ГүлбаҺрам Байбосынова қатал сынға алынды. Актрисаның бұл қылығын түсінбей дал болған өнер жұлдыздары өз ойларымен бөлісті.

байбосынова

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Елімізде киноиндустрия саласы қарыштап дамып келеді. Тек соңғы уақыттары телехикаяларда ашықтан-ашық сүйісетін актерлер көбейіп кетті. Мәселен, жуырда ғана көрерменге ұсынылған «Өгей жүрек» телехикаясында екі бірдей актермен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева ел назарына іліккен еді. Жұрт актрисаны қазаққа жат қылығы үшін сынаған-ды. Жолдыбаеваның продюсері Баян Мақсатқызы «шабуылдаған» желі оқырмандарына өз жауабын да берді. Дәл осындай сынға «Орда» тобының әншісі Дастан Оразбековпен сүйіскен актриса ГүлбаҺрам Байбосынова да қалды. Жолдыбаеваны халық сынаса, Байбосыноваға өнер жұлдыздары тап берді.

Мәселен, неше түрлі театр қойылымдарда ойнайтын актриса Айгүл Иманбаева «өз басым сүйісуге келіспес едім» деп отыр. Иманбаева өз ойын жұмсақ түрде жеткізгенімен, әнші Тоқтар Серіков актрисаны ұрсып тастады.

«Сүйісетін, бір-бірімен жаласатын қазақтың қанында жоқ қасиет. Жалпы біз өзіміздің жарларымыздың да маңдайынан иіскеп, жақсы көретінімізді білдіргенбіз. Бұл Еуропадан келген дүние. Білмеймін, керегі жоқ, мен оған қарсымын. Сүйіспей-ақ, аймаласпай-ақ көрсетуге болатын тірліктер бар», – деп атап өтті ол.

Актрисаның өзі режиссердің талабына қарсы келе алмағанын айтып ақталуда.

13658769_1068790166544995_1411039646_n

«Бұл телехикаяда менің істеген әдісім деп те айтуға болады, бұл режиссердің талабы, оған мен қарсы келе алмадым. Қатты сынамаңыздар, бұл менің мамандығым… Өмірде бір адамдар сүйіспейтін сияқты. Қазір кез келген көшелерде, саябақтарда сүйісіп отырады жастар. Оның ішінде қазақтар да бар. Бір сериалды көріп, «келеңсіздік, ұят» деп бірден айтып шығады. Ол дұрыс емес», – деп жауап берді ол.

Актер Бақтияр Қожамен сүйісуге мәжбүр болған актриса Шынар Жанысбекова да бұл туралы өз ойын айтты:

«Күзгі романс» деген спектакльде маған сүйісу керек болды, басында бас салып біздің Бақтияр Қожа менімен сүйісіп жүрді. Кейін режиссерға түсіндіріп: «аға, болмайды бұл, жабысып, бізге ондай нәрсе болмайды ғой» деп әйтеуір сүйісетін жерлерін тоқтатқанмын».

«Шаншар» әзіл-ысқақ театрының актері Жүсіп Ақшора болса жастарға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін үлкендер түсіндіріп тұрса дейді.

«Ұят болады, мынаны істеме» деп үлкендерден біреу айтпаса, жастар да білгендерін істеп кете береді. Сондықтан ұят нәрсені дәріптеп, ұят емес нәрсені ұят емес деп айту бәрінің парызы деп ойлаймын. Нағыз шынайы өмірді сүйіспей-ақ көрсетуге болады», – деп атап өтті ол.

Ал өзін сынаған өнердегі аға-әпкелеріне ашуланған актриса:

«Сүйіскенде де өзіміздің әдісіміз бар. Бұл шынайы емес. Мен кешіріңдер деп те айта алмаймын. Бұл менің өмірім, жеке өмірім. Ештеңе айтпай-ақ қояйыншы», деп тәмамдады.

Жіберіп алмаңыз: 

Тойдағы флешмоб: Серік Ибрагимов қалыңдығына тосын-сый жасады (видео)

Астаналық ару Молданазардың әніне билеп танымал ТВ-шоуға қатысты (видео)

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

 

Талқылау