Астаналық ару Молданазардың әніне билеп танымал ТВ-шоуға қатысты (видео)

Жексенбі, 16 Қазан , 2016 16:15

Астана тұрғыны Мәдина Бейсекеева ТНТ арнасындағы «Танцы» атақты шоуына қатысты. Өткен жылы Мәдина әділқазылар алқасын таң қалдырып, 2-маусымға қатысқан болатын. Ол кастингтен өтіп, командалық іріктеуден қалды.

Безымянный

Мәдина іріктеуден өтпей қалған соң бір ай бойы күйзелісте жүргенін мойындады. Сосын бір айдан соң АҚШ-қа барып бимен айналысуды шындап қолға алды.

«Маған тағы да «жоқ» дегенді есту қорқынышты. Ақылым енді бармай-ақ қой десе, жүрегім тағы бір байқап көр деп ұмтылдырады. Қазір мен үшін ТНТ арнасындағы «Танцы» биі ең ыңғайлы жоба», – дейді Мәдина.

Бұл жолы Мәдина Ғалымжан Молданазардың әнін таңдап тағы бір рет шоуға қатысуға бел байлады. Алайда, әділқазыларға оның биі ұнамады.

«Егер сіз ең алғаш келіп тұрған болсаңыз, мен сізге жоқ дер едім. Бірақ қазір де жоқ деймін», – деді Егор Дружинин.

«Екінші рет келіп тұрған қатысушылар көп жағдайда өте бермейді. Сіз өткендегіден жақсы өнер көрсетудің орныан одан да нашар орындадыңыз. Біз сізді алдыңғы биіңіз үшін алуымыз керек болады. Сенің мүсінің керемет. Бірақ, екінші рет келушілер мимен жұмыс істесе игі. Мен «жоқ» деймін», – деді Мигель.

Сергей Светлаков Мәдинаның өткен жолғы өнері есте қалғанын айтты.

«Менің саған мүмкіндік беруімнен басқа сенде басқа жол жоқ. Сен бағдарламадасың», – дейді Сергей.

Өнер көрсетіп болған соң Мәдина да өзінің нашар өнер көрсеткенін мойындады. Ол Светлаковтың дауыс бергені үшін қуанышты.

«Мен бұлай болғанын қаламап едім. Өткен жолғыдан да жақсы өнер көрсеткеніңді көрдік деп айтса деп едім», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Бейонсе өзінің голораммалық бейнесімен ән айтты (видео)

Сергей Безруков қазақ бүлдіршінін құтқару үшін суретін аукционға шығарды (видео)

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысының жүкті екені анықталды

Астанада 20 жыл бойы өлдіге саналған қыз анасымен қауышты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар