Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойдағы флешмоб: Серік Ибрагимов қалыңдығына тосын-сый жасады (видео)

Қазақ эстрадасында өзіндік орнын тапқан әнші Серік Ибрагимов өзінің үйлену тойында сахналас-әріптестерімен бірге би билеп, қалыңдығына тосын-сый жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

серик ернар

Жуырда Серік Ибрагимов қолына бақ құсын қондырып, шаңырақ көтерді. Әнші сүйіктісімен бес жылдан бері таныс. Тіпті, Серікті халық арасына танымал еткен «Жаным іздеймісің» әні Айнамкөзге арналған болып шықты. Той барысында Серік су жаңа «Махаббатым» әнін орындап, қалыңдығына арнады. Сол сияқты өнердегі әріптестерімен бірге танымал үнді әніне флешмоб билеп, сүйіктісіне тосын-сый әзірледі.

Танымал актер Митхун Чакраборти ойнайтын «Биле, биле» («Танцуй, танцуй») фильмін 90-жылдары дүниеге келген балалар да, олардың ата-аналары да жақсы біледі. Сол фильмдегі «Агайя» әні Серіктің үйлену тойының сәнін аша түсті. Әнші өнердегі әріптестері мен туған-туыстарымен бірге жердің шаңын шығарып би биледі. Тек әндегі «Агайя, агайя» сөздері «Аяла аяла, Айнамкөзді аяла» тіркестерімен алмастырылды.

Желі оқырмандары Ибрагимовтің биіне тәнті болды. Көпшілік екі жасқа баянды бақыт пен мөлдір махаббат тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Ибрагимовтің тойына бара алмаған «МұзАрт» тобы жастарға ерекше құттықтау жолдады (видео)

Тамара Асар 20 жыл бойы армандаған арманына қол жеткізді (видео)

Төреғали Төреәлі бала күнінде қандай болды? (видео)

Q-POP стиліндегі кезекті бейнебаян тағы елді шулатты (видео)

Талқылау