Тамара Асар 20 жыл бойы армандаған арманына қол жеткізді (видео)

Дүйсенбі, 17 Қазан , 2016 9:46

Тамара Асар жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Әнші 20 жылдан бері армандап келе жатқан дүниесіне қол жеткізгенін айтып, көзіне жас алды.

тамара

Осыдан бірнеше ай бұрын Тамара қуанышты жаңалығымен бөлісетінін айтқан еді. Әнші уәде еткен сөзінде тұрды. Ол 20 жыл бойы армандаған арманына қол жеткізгенін айтты.

«Мұны бөле жарып, өзгеше жаңалық қылып айтатының себебі бар. Осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын басымнан үлкен қиындықтар өткен болатын. Ондай кезде баласы үшін әке-шеше не істей алады? Дұға жасап, Алладан баласына денсаулық сұрай алады. Сол кезде әкем көп адамға тіреу болған, сүйеу болған Бекет ата деген әруақты жерге барып, Құдайға жалбарынып, садақасын берген екен. Ол кезде мен жүрмеймін, мені зембілмен алып жүрді. Есімде қалғаны – қасымнан адамдар өтіп: «қандай жап-жас әдемі қыз, өмірі осымен аяқталатын шығар», – деп айтатын. Көзімнен жас мөлтілдеп, «Алладан жарлық келсе ана таудың биігіне шығып, ән айтамын» дейтінмін. Сол арманым орындалды», – деді әнші 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Тамара Асар осыдан 20 жыл бұрын жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылып қалған болатын. Содан бастап ол Маңғыстау өңіріндегі Бозжыра шыңына шығып, ән айтуды армандаған екен. Бүгінде жаңа бейнебаянын асқақ арманына арнаған әнші Аллаға алғыс айтумен келеді.

«Біреуге ол болмашы нәрсе ғана шығар, бірақ маған ол – үлкен арманның орындалғаны. Біреуге күнделікті күйбең тірлікте біреудің сөз айтып, біреудің күйеуге шыққаны жаңалық шығар, маған 20 жылдық арманымның орындалғаны – жаңалық. Біреуге ән айту әншейін еріккеннің ермегі шығар, бірақ маған ол Құдаймен тілдескенмен бірдей», – деп жалғады сөзін Асар.

Айтпақшы, Тамараның айтуынша, Бозжыра шыңының ерекше қасиеті бар көрінеді. Арманы орындалған жанның көзіне ол жерде арқар көрінеді екен.

«Халық ішіндегі бір аңыз бар. Сол жердің бір күші бар. Егер сіздің арманыңыз орындалса, көзіңізге арқар көрінеді. Оны қасыңыздағы адам көрмеуі мүмкін. Мен сол арқарды көрдім. Аллаға шүкір бақыттымын», – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Казақстандық жұлдыздар көзілдірікпен және көзілдіріксіз (фото)

Баян Мақсатқызының 13 жасар қызы ересек түр-келбетімен таң қалдырды (фото)

Дастархан басында аяғын көтеріп отырған Әлішер Кәрімов сынға қалды

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар