Алматы автобустарын қылмыстық топтар уысында ұстап келген

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 12:53

“Оңай” жүйесі енгізілмей тұрған кезде, Алматының жолаушылар тасымалы саласында қылмыстық топтар ақша жинап тұрған. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.

photo_11552

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Оңай” жүйесіне келетін болсақ, неліктен бізге ашықтық қажет болды?! Компаниялар, жүргізушілер келісіп отыр. Онда тіпті қылмыстық топтар да бар. Олар, белгілі болғанындай, ақша жинап отырған. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Ашықтық жоқ жерде жемқорлық дамиды.

Елбасы айтқандай, жемқорлыққа біз қатаң шаралар жасауымыз қажет және Алматы қаласы осы мәселеде үлгі көрсетуі тиіс. Себебі Алматы дамуының бір ғана резерві ол 5 институционалды реформаны жүзеге асыру. Егер біз сол 8 заңды енгізетін болсақ, жергілікті мемлекеттік органдар керек емес анықтама қағаздарын ойлап табуды доғарып, проблема шығарып, оны шешумен айналыспайтын болады. Сол кезде барлығы жақсы болады деп санаймын”, – деді ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Онайдан ертерек кутылсак екен онайдан келер бизге еш пайдада жок кондукторлар бола бергени сол жаксы каншама адамды жумыссыз калдырды карапайым халыкты бир биримен кырылыстырып койды о нг ай деген бале

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар