Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО жастары Құрбан айт қарсаңында Астанада тегін бауырсақ таратты (фото)

Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері қарсаңында өңірдің белсенді жастары жергілікті тұрғындар мен қонақтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, оларға бауырсақ салынған 5 мыңнан астам пакет таратып берді.

1504180298_9

Фото: ОҚО әкімдігі

Бұл туралы ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі хабарлайды.

1504180292_8

Ерекше шара “Хан шатыр” сауда ойын-сауық орталығынан басталып, қоғамдық көліктерге дейін жалғасты.

1504180262_3

Бауырсақты тегін тарату шарасы ЭКСПО қалашығы маңында да жалғасын тапты.

1504180288_00

Содан кейін облыс жастары ұлттық әндер мен Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурри орындап, жұртшылықты бүгін кешке “Бәйтерек” жанында болатын “Астананың жұлдызды түні” би кешіне шақырды.

1504180272_5

«Астананың жұлдызды түні» би кешінде Оңтүстік Қазақстаннан шыққан “Жігіттер” тобы, Ғазизхан Шекербеков, «Boys band» триосы, тағы да басқа өнерпаздан өнер көрсетеді.


Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар

Құрбан айтқа құттықтау тілектер

Талқылау