Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО полициясы әжей мен немересін пойыздан алып қалу себебін түсіндірді

Шымкент  вокзалында Алматыға қарай шыққан әжей мен оның немересі пойыздан қалдырылды. Жергілікті тәртіп сақшылары  алдымен әжеймен сөйлескен, артынша бөлімшеге ертіп алып кетіпті.


 ОҚО Ішкі істер департаментіндегілер немересінің біраз уақыттан бері зорланғанын айтып, Алматыда медициналық тексеруден өтпек болған әжейдің не себепті жолдан қалдырылғанын айтты.

Облыстық полиция бөліміндегілер Отбасы ісі бойынша басқармадан баланы Бейімдеу орталығына жатқызу туралы шағым түсірілгенін айтқан. Онда кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жедел шешім қабылданғанға ұқсайды.

«Облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері  вокзалда әжеймен сөйлесіп, мемлекет тарапынан олардың қауіпсіздігін қорғауға болатынын түсіндірді. Әжей бірден осы көмекті пайдаланатынын айтып, сапарын өзгертті. Қазір бала мен әжейді қауіпсіз жерге орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр»,-делінген аймақтық ІІД берген жауапта.

Алдағы уақытта жоғары сынып оқушылары бірнеше уақыттан бері зорлап келді деген оқушы Астанадағы сот-медициналық тексеруден өтеді.

Оқи отырыңыз:

Балиева: Әжесі баланың зорланғаны жөнінде 2 жыл бұрын арызданды

Жылама, айналайын: ШҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті (видео)

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

Үш баланы өрттен құтқарып қалған семейлік студент жасаған ерлігі үшін марапатталды

Талқылау