Үш баланы өрттен құтқарып қалған семейлік студент жасаған ерлігі  үшін марапатталды

Семейде өрт кезінде үш баланың өмірін құтқарып қалған студент жасаған ерлігі  үшін марапатталды. Бұл туралы Семей ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға биылғы жылдың қаңтар айының соңында болған. Құрылыс колледжі жатақханасының төртінші қабатында электр сымдар жүйесі мен есептеуіш автоматы жанып кетіп өрт шыққан болатын.

Сол кезде жатақханада кішкентай қыздың жылаған дауысын естіген Жасұлан Берекеев өрт сөндірушілерді күтпей, бүлдіршінді құтқару үшін көмекке келген. Ержүрек студент қыздың бетін өзінің бас киімімен жауып, қауіпсіз жерге алып барған. Кейін жігіт бесінші қабатқа көтеріліп, тағы екі баланы тауып алған. Бір сәт ойланбаған құтқарушы, олардың бетін күртешесімен жауып аулаға алып шыққан.

Сөйтіп Жасұлан Берекеевтің жасаған ерлігінің арқасында 2-ден 7 жасқа дейінгі үш бала аман қалды.

Жіберіп алмаңыз:

19 жастағы қарағандылық жігіт Қытайда студенттер жатақханасында көз жұмды

Ақтөбеде травматикалық тапаншадан оқ атып, 25 жастағы жігітті жаралаған бұзақыларға іздеу жарияланды

Қазақстандықтар бүгін Көрісу күнін тойлап жатыр

Қазақстандықтар бүгін Көрісу күнін тойлап жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар