Жылама, айналайын: ШҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті (видео)

ШҚО әкімі Даниал Ахметов су тасқынынан зардап шеккен халықпен кездесті. Ол әр отбасының қараусыз қалмайтынына уәде берді. Әкімнің сапары түсірілген видео желіде жарияланды. Бұл туралы ШҚО-ның жергілікті сайты жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде Ахметовтың апат құрбандарымен кездескен сәтінің видеосы тарап кетті. Онда әкім апаттан үйі құлап жылаған әйелді жұбатты.

ШҚО тұрғыны Ильмира Қайымбекова да құлап қалған үйін кім қалпына келтіретінін әкімнен сұрады.

Видеодағы келесі кадрда әкім үш балалы әйелге үш бөлмелі пәтер беретінін айтып, сабырға шақырды.

«Балаларыңа менің көмектесуге уәде бергенімді айт. Айналайын, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Жылама, бәрі жақсы болады. Көмектесемін. Керек болса, жиһаз сатып алуға қаржы бөлемін», – деді Ахметов.

Әкім Аягөз тұрғындарының ешқайсысы назардан тыс қалмайтынына сөз берді.

«Бүгін маған Аягөзде 15 үйдің сатылымға қойылғаны айтылды. Орталықта жаңа 60 пәтерлі үй салынып жатыр, яғни, біз барлық нұсқаларды қарастырамыз. Ешкім баспанасыз қалмайды », – деді облыс басшысы.

Аягөз тұрғындары Даниал Ахметовке қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.

«Бізге үй беруге уәде етті. Бұл қуаныштың жасы, Алла қаласа,  жақында төбеміз көкке жететін болады. Даниал Ахметовке көп рақметімді айтамын. Ол өзі келіп біздің қазіргі жағдайымызды көрді. Бәріңізге рақмет», – деді үш балалы ана Ильмира Кайымбаева.

Айта кетейік, ШҚО,Аягөз ауданында су тасқыны орын алып,  төтенше жағдай жарияланған еді.

Тағы оқыңыз:

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

Қарағанды облысының тұрғыны екі көзі бірдей көрмейтін ұлының Сирияға кетіп қалғанын айтып жылады

Елімізде жүргізушілер көлік нөміріне өз аты-жөнін жаздыра алады

1-сынып оқушысының зорлану оқиғасына қатысты Аружан Саин көпшілікке үндеу жариялады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар