Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО құлдықта болған баланың әжесі табылды

Әпкесінде  құлдықта болған 9 жасар баланың әжесі табылды. ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қаратау аудандық полиция бөліміне 51 жастағы әйел барған. Ол жуырда полицейлер Шымкент шағын ауданында тапқан баланың әжесі екенін айтқан, деп хабарлайды Қазинформ.

16

Ол баланы мүгедек әпкесіне үйдегі шаруа бойынша көмектесу үшін өзі жібергенін айтып, баланың туу туралы куәлігін ұсынды. Әжесі баланың анасы Өзбекстанда екенін, онда керекті құжаттарды толтыру үшін кеткенін жеткізген.

Еске сала кетейік, жуырда полицейлер бірнеше ай бойы мүгедек-туысының үйінде тұрып, үйдегі бар шаруаны атқарып, ондағы жарым жан баласын күтіп, баққан 9 жастағы баланы тапты. Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы мамандары анықтағандай, ол мектепке бармаған, әріптерді білмейді, дұрыс сөйлей алмайды.

Сонымен қатар, баланы ұрып-соқты деген күдік бар. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 140 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Талқылау