ОҚО-да оқушылар жаппай биттеп жатыр

Жексенбі, 27 Қараша , 2016 18:24

Таяуда Сарыағаш ауданының Ошақты ауылындағы 37 тұрғыны ауыл және аудан әкіміне арыз жазды. Оның қысқаша мазмұны мынадай.

kak-peredayutsya-vshi-3

«Біз, Ошақты ауылының тұрғындары, жеке кәсіпкер Анатолий Чудың моншасының жұмысын тоқтатпауды сұраймыз. Монша өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жұмыс істеп келеді, деп жазады Замана газеті.

Естуімізше, жер астынан шығып жатқан ыстық суды жуырда «АСМЕТ» жауапкершілігі шектеулі серіктістігі ұзақ жылға жалға алыпты. Енді олар бағаны көтеріп отыр. Бұдан кейін моншаның иесі де бағаны қымбаттатуға мәжбүр болады. Ал мұны халықтың қалтасы көтермейді. Бізді су мен моншадан мақұрым етпеңіздер. Денсаулық кепілі – тазалық екенін ұмытпаңыздар».

Өткен аптада сарыағаштықтардан сол моншаның жағдайы не болып жатқанын сұрағанымызда бір жолаушы кеш бол­ғанына қарамастан көзбен көріңіздер деп бізді сол жерге ертіп барды. Суға түсуге келген 10-15 адам моншаның жұмыс істемегеніне наразылық білдіріп тұр екен.

“Бұл моншаның иесі көпбалалы аналарға, жетім-жесірлер мен ардагерлерге жеңілдік беруші еді. Енді, міне, жылы су шығатын ұңғыманы бір кәсіпкер сатып алып, су бермей отыр. Ауылда басқа монша жоқ. Көлігі барлар 12 шақырымдағы көрші ауылдарға барады”, – дейді зейнеткер Бану Бейгелова.

Екі ай бұрын мен шомылып жатқанда ескертпестен суды тоқтатып тастады. Үстім сабын болғандықтан мұздай суға түсемін деп ауырып қалдым. Жуынбағандықтан балалардың үсті кірлеп, қол-аяқтары жарылып, жара болып жатыр. Ауылда қышыма көбейіп барады. Биттеген оқушыларды мұғалімдер мектептен қайтарып жатыр.

“Екі ай моншаға түспеген адамның не болатынын өзіңіз ойлаңызшы. Шашы ұзын қыздар бар. Менің өз қызымның шашы биттеп кетті. Бірақ онымен санасып жатқан ешкім жоқ”, – дейді ауыл тұрғыны Гүлнәз Кенжебаева.

“Бұрын мен де осы жерде жұмыс істедім. Қазір екі ай болды, монша қаңырап тұр. Жердің астынан шығып жатқан суды біреулер жекешелендіріп алып, ақша табуда. Ақша алады, бірақ оған түбіртек бермейді. Есептегіш тұр, оған қарамастан енді бағаны бес есеге көтеріпті. Бұл масқара емес пе?”, – дейді зейнеткер Лариса Зәкірова.

Әкімге де, мердігердің өкіліне де бардым. Сендер алған ақшаларыңа түбіртек берсеңдерші, ертең алмадық дейсіңдер, кепілдік қайда деп те айттық. Ал әкімдер қолымыздан ештеңе келмейді дейді. Бұл ауданда халықты ойлап жатқан ешкім жоқ.

“Әкем сырқат болғандықтан жұмысты мен жүргіземін. Бірнеше жылдан бері ақша төлеп жүрміз. Бірақ бір рет те түбіртек берген емес. Менде газға, жарыққа түбіртек бар, бірақ судың түбіртегі жоқ. Бұрын 30 мың теңге төлеуші едік, 1 қазан күні ыстық судың өкілдері  келіп, бағаны 150 мың теңгеге көтеретіндерін айтты. Ол үшін алдын-ала ескерту хат жіберуі керек емес пе? Мен келісім-шартқа отырайық, төлеген ақшама түбіртек беріңіздер дегеніммен келіспей, 15 қазанда суды тоқтатты. Онсыз да ол су қазір далаға ағып жатыр”, – дейді жеке кәсіпкер Алена Чу.

Ауылды қаламен салыстыруға болмайды. Ақша жоқ болғандықтан біз үлкендерден – 200, балалардан 100-ақ теңге аламыз. Жеңілдіктеріміз де бар. Кейбіреулер қарызға шомылады, тегін шомылатындар да бар. Шағымымнан кейін ауыл әкімі Сейдахрам Ештаев екінші тараппен сөйлесіпті, бірақ мені шақырмаған. Бізде құжаттың барлығы бар. Тазалығымыз қаладан артық болмаса кем емес».

…Осы әңгімелерді тыңдағаннан кейін бұл жөнінде біз ауыл әкімі Ештаевпен хабарласқанда ол кісі Ошақтыдағы монша мәселесімен бүгінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті айналысып жатқанын айтты.

Баға мәселесі шешілгенше Ошақтыдағы кірден тараған жара басқа өңірлерге де жайылып кетпесе болғаны да.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
6 күні 10 сағат кері

халыкты жылатып алган суы, озине ишер у болар. Алла корип тургой, коз жас жибербид.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар