ОҚО-да жас келіншек өзін 92 еркек зорлағанын айтып шағымданды

Бейсенбі, 21 Сәуір , 2016 14:10

Қарабұлақ ауылының еркектері екіге бөлініп алған. Біріншілері – 25 жастағы Саяра Рысметованы (аты-жөні өзгертілді) зорлады деген күдіктілер, екіншісі – осы жағдай орын алған сәтте сол арадан табылуы мүмкін жандар. Оның айтуынша, әйелді былтырғы жылдың тамыз айының өзінде 92 адам зорлаған.

вввыыы

Бұл туралы time.kz хабарлайды.

Осының әсерінен әйел созылмалы ауруға да ұшыраған. Бірнеше рет зардап шеккен ол полицияға  арыз жазған.

Саяра 22 жасында 2013 жылы Өзбекстандағы Бекабададан қаржы табу үшін Қазақстанға келген. Өз махаббаты кездескенше барлық қиындыққа шыдаған. Ақыры, оның кездестірген ханзадасы 50 жастағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Марат Дишанов (аты-жөні өзгертілді) екен. Олар некеге тұрмай-ақ балалы болады. Мараттың анасының айтуынша, келіні арыз жазып полиция мен прокуратураға жүгіріп, тіпті Астанаға дейін барған. Ерлі-зайыптылар 2015 жылы тамызда Саяраны Нұрзада Хасенова есімді әйел тұтқында ұстап, жезөкшелікке мәжбүрлеген дейді.

Саяраның арызында жазылғандай, оны Қарабұлақ ауылынан тысқары жерге алып шығып 92 еркек зорлап, жабайы түрдегі жыныстық әрекеттерге барған.  Олардың қатарында  2-ші топтағы мүгедек Азат Құдайбергенов есімді адам да бар болып шықты.

“Менің жасым 74-те. Ол әйел менің шөбереммен жасты. Олай айыптауға қалай дәттері барады. Бір күні күйеуі келіп менен 300 мың теңге талап етіп, бермесең полицияға арызданамын деді. Мен айқайлап үйден қуып шықтым. Бірақ, бір аптадан соң тергеуге шақырды”, – дейді ашынған ақсақал.

сыы

Сондай-ақ, 75 жастағы Шапулат Әбдіғапиров та жас әйелді зорлады деген күдікке ілініп отыр. Тергеуден соң ауыл еркектерін автобуспен Шымкентке алып кетіп, венерологтар анализ қабылдаған. “Зорлағандардың” ішіндегі ең қарты 78 жастағы – Әбдуқадыр Қаратаев екен.

“Бұл менің әкем. Ол біреуді зорламақ түгілі, өзі әзер жүріп-тұрады. Біз ол әйелге баспана, жұмыс бергендегі айтып отырған “алғысы”, – дейді Нұрзада Хасанова.

“Мұның бәрі әлгі әйелдің ойдан шығарып отырғаны. Бәрін тергеу анықтайды. Біздің күшіміз жетпес”, – дейді ауыл әкімінің орынбасары Бақтияр Шамұратов.

Қазір ІІД қызметкерлері әйел мен оның күйеуін тергеп, сотқа дейінгі амалдарды жүзеге асырып жатыр. Алайда Сайрам аудандық полициясы жүргізген сараптама бойынша, әйел ешқандай ауылдас еркектермен жыныстық қатынасқа түспеген деген қорытынды шығарған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ұятсыз əйел, ақша тапқысы келген ғой. Күйеуімен екеуін қоса соттау керек, бүкіл елге кінə таққаны үшін.

  • Жұмбақ жан says:

    Осы.кошип келгендердин бамты максаты гой.отирик жала жауып акша табу. Оте жаксы корытынды шыгарган.енди онын озин кылмыстык жауапкершиликке тарту керек ,органды нешеееее адамды ойыншык кылганы ушин

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар