Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ұсталған бизнесмен өздігінен өшетін сия пайдаланған

Ойын автоматтарымен ақша тауып жүрген Дмитрий Ким тергеу кезінде бірден кінәсін мойындап, тіпті сөзге келместен жазбаша түсініктеме қалдырған. Алайда арада екі сағат өтпей құжаттағы бүкіл жазу жоқ болып кеткен, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

image

Сөйтсе гәптің бәрі қаламсапта болған. Жазған соң екі сағаттан кейін сиясы өшетін қаламмен құжаттарға қол қойған. Құрамындағы спирті бар сия кепкен кезде жоғала береді екен. Сондықтан Дмитрий Ким  түсініктемесін қайта қағазға түсіруден бас тартқан. Алайда куәгерлерді қайта шақыртып, протоколды да жаңадан жазған соң 30 жастағы күдіктінің ісі сотқа жолданды.

“Айтуы бойынша сондай қаламсап екенін білген жоқ. Одан кейін тергеу кезінде, содан кейін де қол қоюдан бас тартты. Сөйтіп сотқа барған кезде басқа да дәлелдемелерді ұсынған кезде ол өзінің кінәсін мойындауына тура келді”, – дейді Мақтаарал ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев.

Талқылау