ОҚО-да бес жасар баланы ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 12:56

Оңтүстік Қазақстан облысында бес жастағы баланы ұрлап кеткен күдікті әйелді облыстық ішкі істер басқармасы жедел түрде қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Безымянный

Сурет ОҚО ІІД

Мекеме берген мәлімет бойынша, 29 наурыз күні сағат 18.15 шамасында Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне Сазтөбе ауылында 2011 жылы туылған баланың жоғалып кеткені туралы мәліметті учаскелік инспектор хабарлайды. Бала үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

“Үй-үйді аралап, куәгерлердің түсініктемелерін алғаннан кейін баланы белгісіз жас әйелдің балмұздақ алып беремін деп қызықтырып алып кетуі мүмкін деген байлам жасалды”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге енгізіліп, ҚР ҚК 125 бабы негізінде “адам ұрлау” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары барлық полиция бекеттеріне бес жасар баланы іздестіру жөнінде жарлық береді.

Санаулы сағаттардан соң жедел-іздестіру шараларының арқасында Түлкібас аудандық полиция қызметкерлері ұрланған баланы көрші ауылдағы күдіктінің үйінен табады. Баланы өзімен бірге ертіп кеткен 1986 жылы туған Түлкібас ауданының тумасы болып шықты.

Аман-сау табылған баланы полицейлер ата-анасына табыстады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары аталған іс бойынша күдіктіні қамауға алып, тергеу жүргізіп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар