ОҚО-да 7 жасар баланы зорлады деген оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр

Оңтүстік Қазақстандағы Сарыағаш ауданында бір жұма бұрын шыққан жанжалдан кейін, мұндағы оқушылар, ұстаздар мен тіпті ата-аналарға да психологиялық көмек керек болыпты. Соңғы жағдайлар бойынша, 7 жасар оқушы анасында қалып, әжесі мен апасы Абай ауылына қайтуы керек еді. Бірақ бүгін оларды ешкім көрмепті. Бұл туралы КТК хабарлады.

Көршілері болса жанжал шыққан үйге жолағысы да келмейді екен. Шу шыққан ауылдың тұрғындары болса  журналисттерді көрсе ат тонын ала қашады екен. Сөйлеуден именбеген жалғыз қоңсысы ғана зорлады деген балаларды ақтап әлекке түсті.

«Көршімнің  баласы ондайға бармайды. Мен  100 пайыз кепілдік бере аламын. Ондай нәрсеге бармайды бұл балалар»,-дейді Абай ауылының тұрғыны Роза Әлімбаева.

Ал, 7 жасар бала оқитын мектепте психологтар қарқынды жұмыс істеп жатыр екен. Директордың орнына келген уақытша басшы балаға жасалған тесттерден кейін оған және әжесіне зорлау туралы әңгімені бәзбіреулер құлағына құйған дейді.

«Оның көңіл күйі қалыпты болатын. Ол келіп, кетіп жүрді. Баланың бойында ешқандай мазасыздық болған жоқ. Менен осы жастағы балалар өтірік айтуы мүмкін бе деп сұрағанда, мен ересектердің көмегі арқылы ғана айтуы мүмкін деп жауап бердім»,-дейді дейді Абай ауылындағы № 73 мектепттің психологы Майра Хамитова.

Жалпы, бір апта бұрынғы бала мен әжесінің мәлімдемесінен кейін бүкіл елде бұл мәселе жаппай дүрбелең тудырған еді. Осыдан кейін Абай ауылындағы жұрт жаппай күйзеліске ұшырапты. Енді аудандық білім бөлімін уақытша басқарып отырған Нұрман Үсіпбеков ауылдағы мыңдаған жұртқа психологиялық көмек беруден қолы тимей жатқанын айтады.

«Жәнібеков және Баласағұн мектептерінде оқушылармен, ата-аналармен, ұстаздармен жеке-жеке психологтар тренингтер өткізді. Психологтар облыстан келді. Біздің ауданда да осы бағытта істейтін 2 мобильдік топ құрылған»,-деді Сарыағаш ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрман Үсіпбеков.

Айта кетейік, бірінші сыныпта оқитын ұлдың мектебіне бармағанына да бір айдан асты. Ол қазір анасымен Алматыда жүр. Енді қоғам белсенділерінің бастамасымен тәуелсіз сараптама да жүргізіле бастады. Жалпы, әлеуметтік желіде бұл іске қатысты зорлықшыл делінген балалар оқитын мектептің директоры, ішкі істер департаментіндегі полковник, аудандық мәслихат депутаты және дәрігер бар, осы Селтановтар әулеті аталып жатқаны мәлім. Бірақ олар журналисттермен тілдесуден бас тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде жас ананың қайтыс болуына дәрігерлер кінәлі болып шықты

Ер адам 23 жастағы қызды 80 мың теңгеге сексуалды құлдыққа берген

Өскемендіктер дүкеннен “ертеңгі” күннің сүтін сатып алған

Министр 2 жасар баланың тісін емдеймін деп өлтіріп алған дәрігер туралы айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар