Ер адам 23 жастағы қызды 80 мың теңгеге сексуалды құлдыққа берген

Астананың ішкі істер департаменті 23 жастағы бойжеткенді сексуалды құлдық үшін 80 мың теңгеге сатып жіберген ер адамды ұстады.

33 жастағы ер адам 1994 жылғы сыбайласымен бірігіп, 23 жастағы қызды сексуалды құлдық үшін 80 000 теңгеге сатып жіберген. Аталған факті ҚР ҚК 128-бабы (адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратынша, Алматы қаласында қыздарды алдап, сексуалды құлдық үшін басқа облыстарға жіберумен айналысқан бір топ адам ұсталды. Күдіктілер 26 мен 45 жас аралығында. ҚК-нің 128-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне жеке басын анықтау үшін 20 адам (ҚР азаматтары – 11, ТМД елдерінің азаматтары – 9) жеткізілді.

Ішкі істер министрлігі 14-16 наурыз аралығында рсепублика аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған “SТOP трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткенін хабарлады.

Тағы оқыңыз:

Өскемендіктер дүкеннен “ертеңгі” күннің сүтін сатып алған

Министр 2 жасар баланың тісін емдеймін деп өлтіріп алған дәрігер туралы айтты

15 жасар оқушының өліміне күдікті деп Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны тергелуде

Таразда пара алған полицейлер сот залынан босатылды

Қостанайда бала күтушінің 14 жастағы мүгедек қызды ұрып-соғып келгені белгілі болды (видео)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар