Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр 2 жасар баланың тісін емдеймін деп өлтіріп алған дәрігер туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Қарағандының тіс емханасында қаза болған 2 жасар бала ісінің тергелу барысы жайында айтты. Тіс дәрігері басқа шешім қабылданғанға дейін емдеу құқығынан айырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Министрдің айтуынша, осы іске қатысты қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің аумақтық департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

«Дәрігер бұған дейін де медициналық көмек көрсету стандартын бұзған. Барлық талаптарды ескере отырып, Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті оның сертификатын алып қою және басқа шешім қабылданғанға дейін кәсіби қызметін тоқтату туралы талап жолдады. Медициналық араласудың нәтижесінде адамға зиян келетіндей жайт болса, онда мұндай жағдайлар заңнамаға сәйкес қаралуы тиіс», – деді Елжан Біртанов.

Айта кетейік, 23 ақпан күні Қарағандыдағы стоматологиялардың бірінде  Ресей азаматы, 2 жасар бала қайтыс болды. Анықталғандай, ол күре тамырға анестезия егілгеннен кейін қаза тапқан.

Тағы оқыңыз:

15 жасар оқушының өліміне күдікті деп Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны тергелуде

Таразда пара алған полицейлер сот залынан босатылды

Қостанайда бала күтушінің 14 жастағы мүгедек қызды ұрып-соғып келгені белгілі болды (видео)

Жоғарғы сот ұлының жазасын жеңілдетуді сұраған Сейітқазы Матаевтың өтінішінен бас тартты

 

 

Талқылау