Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот ұлының жазасын жеңілдетуді сұраған Сейітқазы Матаевтың өтінішінен бас тартты

Кеше баспасөз мәслихатында Сейітқазы Матаев  Жоғарғы сот Төрағасынан ұлы Асет Матаевтың өтініштері мен шағымдарын бақылауды сұрады. Жоғары сот өтініш білдіргендерге нақты істер бойынша төменгі соттар жоғары тұрған сотқа есеп бермейді деп жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Сондай-ақ, жоғарғы сот «жеке бақылауға алу» ұғымы сот ісінде және заңда жоқ екенін ескертті.

Жоғарғы сот осыған байланысты Асет Матаев пен оның қорғаушылары заң бойынша Қапшағай қалалық сотының шешімін қайта қарау туралы өтінішке шағымдана алатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Сейітқазы Матаев пен қорғаушы Андрей Петровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Олар онда колонияда отырған Әсет  Матаевтың жазасын өтеп жатқан орынды өзгерту туралы өтініш білдіргенін айтты. Алайда, Қапшағай қалалық соты Матаевтың әкесінің өтінішінен бас тартқан екен. Содан сотталушының әкесі және қорғаушы Әсет Матаевтың тәртібі жақсы екенін айта келе, оның колонияның қоғамдық өміріне ат салысып, сотталғандарға көмектесіп жүргені ескерілсін деді.

Жіберіп алмаңыз:

Жантебірентерлік хикая: Қазақ жігіті жол апатына ұшырап, комаға түскен сүйіктісін аяққа тұрғызған

Министр тегін берілуі тиіс дәріге мұқтаж науқастарға хабарласып, сатып алғандарын анықтады

Қазақ қызы Сингапурде өткен автокөлік жарысына қатысып, топ жарды

Алматы облысында пара алған мектеп директоры мен мұғалім үш жарым жылға сотталды

Талқылау